
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Қ.Б.Жайсанбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы азаматтардың өтініштерімен жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен Үкіметі Аппаратының бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, Сот әкімшілігінің және Бас прокуратураның басшылық құрамы, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау саласына жауапты орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар аппараттарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында мемлекеттік органдардың өткен жылғы азаматтардың өтініштерімен жұмыс нәтижелері қаралып, анықталған проблемалар мен жүйелі бұзушылықтарды ескере отырып, оларды қараудың сапасы мен тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды. Азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, жеке қабылдауларды өткізу, азаматтарды қабылдау орталықтарының қызметі, сондай-ақ «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінің әлеуетін мемлекеттік органдардың қолдану практикасына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар азаматтардың өтініштеріне ден қоюдан проблемалардың алдын алуға көшуге бағытталған жүйелі, талдамалық және цифрлық тәсілдерді талқылады. Атап айтқанда, тәуекелдерді басқару құралдары мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қолдану мүмкіндіктері қаралды. Сондай-ақ салалар бөлінісінде сезімтал өтініштер мен ықтимал тәуекелдерді айқындауға арналған жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және енгізу мәселелері қозғалды.
Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу процестерін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары, цифрлық шешімдерді қолдану аясын кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту айқындалды.