
2026 жылы Digital Almaty форумы жаңа деңгейге шығып, Digital Qazaqstan атауымен еліміздің басты ұлттық технологиялық форумы ретінде бекітілді. Бұл алаң Қазақстанның барлық өңірін біріктіріп, цифрлық бастамалар, IT-компаниялар, өнеркәсіптік тапсырыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді.
Digital Qazaqstan форумы алғаш рет 2026 жылғы 27 наурызда еліміздің маңызды индустриялық және экономикалық орталықтарының бірі Шымкент қаласында өтеді.
2026 жылдан бастап Digital Qazaqstan форумы жыл сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларында ұйымдастырылып, ұлттық деңгейдегі технологиялық және цифрлық даму экожүйесін қалыптастырады. Форумның Шымкентте өтуі нақты секторды цифрландыру, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні енгізу және өңірлер мен ұлттық технологиялық экожүйе арасындағы байланысты күшейту мәселелерін терең талқылауға мүмкіндік береді.
Digital Qazaqstan 2026 форумының негізгі тақырыбы Industry 5.0 төңірегінде. Атап айтқанда, Industry 5.0 тұжырымдамасы адам мен технологияның үйлесімді өзара әрекетіне негізделген. Бұл бағытта жасанды интеллект, деректер және робототехника адам әлеуетін арттыруға, экономиканың тиімділігін көтеруге және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қызмет етеді. Форум аясында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық корпорациялардың, инвесторлардың, технологиялық компаниялардың, стартаптардың және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен экономиканың негізгі салаларына цифрлық және AI-шешімдерді енгізудің практикалық жолдары талқыланады деп жоспарланып отыр.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында пленарлық отырыс, салалық панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер, IT-компаниялар мен стартаптардың көрмесі, технологиялық байқаулар мен жарыстар, хакатондар, сондай-ақ цифрлық және технологиялық трансформация саласындағы үздік ұлттық және өңірлік тәжірибелерді марапаттауға арналған Digital Qazaqstan Awards салтанатты рәсімі өтеді.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 2026 жылғы 9 наурыз сағат 18:30-ға дейін жүргізіледі. Тіркелу үшін арнайы форма ұсынамыз. Сіздерді Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan 2026 форумында күтеміз!
Құрметпен,
Astana Hub – Digital Bridge баспасөз қызметі
Байланыс деректері: Айгүл Даулыбай, +7 701 136 0277
Индира Курбанбаева, +7 778 696 93 00