Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары - Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары - Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, Цифрлық даму министрлігінің командасы, сондай-ақ,«Қазақтелеком» АҚ мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері қатысты.

Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыру және Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі басқару процестерін күшейту үшін қазіргі кезеңде енгізуге және ауқымын кеңейтуге болатын цифрлық шешімдер талқыланды. Нақты нәтиже беретін бағыттарға, нақтырақ айтқанда ақпаратты өңдеуді жеделдету, талдау дәлдігін арттыру және бөлімшелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын күнделікті қызметке енгізуге ерекше назар аударылды.

Кеңесте жедел басқару орталықтарын дамыту және оларды аудандық деңгейге дейін кеңейту мәселелері де қаралды. Бұл бақылау мен жедел әрекет етуді біртұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар көші-қон бақылауындағы цифрлық құралдарды дамыту мәселелері талқыланды. Аталған шешімдер тексеру рәсімдерін жеделдетуге, ашықтықты арттыруға және ведомстволар арасындағы деректер алмасу арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жаслан Мадиев ұсынылған жобаларды жетілдіру және іске асыру кезінде шешімдердің архитектурасын келісу, сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі командаларының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге жауапты қызметкерлер мен іске асыру кезеңдерін нақты айқындау тапсырылды.

Ержан Саденов цифрландыру мен жасанды интеллект Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында заңдылықты нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралдарының біріне айналып отырғанын атап өтті.

Ішкі істер органдарын цифрлық трансформациялау жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғасатын болады.