Қазақстанда AI Governance 500 ЖИ-офицерлерін даярлау бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда AI Governance 500  ЖИ-офицерлерін даярлау бағдарламасы іске қосылды

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процесіне тартылған кадрларды жүйелі түрде даярлаудың маңыздылығын айқындайды.

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге қабілетті басшыларды даярлауға бағытталған AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасы аясында оқу басталды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы А.Дәдебайдың және Үкіметтің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің бірлесуімен жүзеге асырылуда.

Алғашқы легіне 100 басшы қатысып отырған оқу бағдарламасының ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қ.Есекеев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбай және Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Қ.Төлеушин қатысты. 

«AI Governance 500» бағдарламасы Digital Qazaqstan тұжырымдамасы аясында мемлекеттік күн тәртібінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, ведомство аралық цифрлық жобаларды бастамалап және сүйемелдей алатын, олардың архитектуралық үйлесімділігін қамтамасыз етуге қабілетті цифрлықбасшылар - ЖИ-офицерлердің тұрақты кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Оқытуға Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар аппараттарының басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Бағдарлама кешенді логикаға сәйкес құрылған:жасанды интеллекттің рөлі мен цифрлық мемлекеттің архитектурасын стратегиялық тұрғыдан түсінуден бастап, қатысушылардың ведомстволар мен өңірлерде енгізугедайын цифрлық трансформация жобалары мен AI-бастамаларын әзірлеуіне дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.