
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлайды. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Осы міндеттерді іске асыру аясында министрлік ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат сала бойынша білім алып, оқу мен жұмысқа қажетті базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерді.
Азаматтар қызығушылығының жоғары деңгейде болуы бастамалардың өзектілігі мен сұранысқа ие екенінін көрсетеді. Оқыту бағдарламасы ЖИ мен цифрлық қызметті пайдаланудан бастап, IT-мамандарды даярлау мен ұйымдардың бизнес-үдерістеріне ЖИ-ді енгізуге дейінгі бағыттарды қамтиды.
«Мақсатымыз - ЖИ-дағдыларын оқушылар мен студенттерге, педагог, мемлекеттік қызметшілер және компания қызметкерлеріне, яғни баршаға қолжетімді ету. Атқарылған жұмыс нәтижесі адамдардың сала бойынша білім алып, ЖИ-ді тәжірибе жүзінде қолдануға дайын екенін көрсетіп отыр. Біз технологияларды пайдалы әрі қауіпсіз қолдану ережелерін сақтай отырып, бағдарлама аясын кеңейтуді жалғастырамыз», - деп атап өтті министрлікте.
Бағдарлама азаматтардың ЖИ сауаттылығы, IT саласындағы мамандарды даярлау, мемлекеттік аппарат құзыретін арттыру, ұстаздарды қолдау, жасөспірімдерді тарту, сондай-ақ ұжымдық деңгейде ЖИ-ді енгізу сияқты бірнеше деңгейден тұрады.
Негізгі бағыттары:
1) Мамандарды даярлау (мамандық және еңбек нарығы)
Tech Orda - сұранысқа ие болатын IT-мамандарды даярлауға арналған бағдарлама, оқу құны бір студент үшін жартылай немесе 500 мың теңгеге дейін толық өтеледі.
Толығырақ: https://astanahub.com/ru/techorda/course/
Tomorrow School - peer-to-peer үлгісіндегі Қазақстандағы алғашқы ЖИ мектебі (командалық жұмыс пен өзара көмекке негізделген).
Толығырақ: https://tomorrow-school.ai
TUMO Astana (alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында) - 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған тегін оқыту бағдарламасы. Мұнда білім алушылар бағдарламалау, дизайн, креативті технология, генеративті ЖИ-ді меңгереді.
Толығырақ: https://astana.tumo.kz
3) Университеттер мен студенттер: ЖИ-құзыреттері және стартап-ойлау
AI Sana - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолданбалы ЖИ-дағдылар мен стартап-құзыреттерді дамытуға бағытталған бағдарламасы.
4) Мемлекеттік басқару: ЖИ арқылы тиімділікті арттыру
AI Qyzmet - мемлекеттік қызметшілерге арналған бағдарлама. Ол ақпаратты талдау, жоспарлау, презентация дайындау, тапсырмаларды автоматтандыру, басқарушылық шешімдерді қолдау және көпшілік алдында сөйлеу секілді негізгі тақырыптарды қамтиды.
5) Мектептер мен ұстаздар: ЖИ - оқыту құралы
6) Бизнес: ЖИ-ді нақты үдерістерге енгізу
AI Corporate - компаниялар мен қызметкерлерге арналған ЖИ-ды нөлден меңгеріп, бизнес-үдерістерге енгізу бағдарламасы (автоматтандыру, талдау, басқару тиімділігі).
Толығырақ: https://baitc.org/aipeople?utm_source=pr&utm_medium=press-release&utm_campaign=ai-people-launch
7) Ашық онлайн-бағдарламалар: ЖИ-дағдыларға жаппай қолжетімділік
QazCoders - БАӘ-мен әріптестікте Udacity платформасында іске қосылған бағдарлама (жас шектеусіз).
Толығырақ: https://astanahub.com/ru/l/qazcoders
«ЖИ негіздері: ChatGPT» курсы (AI Sana Lerna-мен біріктірілген) - 4 модуль, 51 бейнесабақтан тұрады. Skillbox платформасында (тегін) қолжетімді; курс нейрожелі көмегімен қазақ тіліне аударылған.
Толығырақ: https://astanahub.com/ru/article/astana-hub-zapuskaet-besplatnyi-kurs-po-ispolzovaniiu-chatgpt
«Деректерді талдау негіздері және Python» курсы (Яндекс Практикум) - қазақ және орыс тілдеріндегі тегін онлайн-курс.
Толығырақ: https://practicum.yandex.kz/data-analysis-basic/
Еліміз бойынша 19 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді, онда кез келген азамат цифрлық дағдыларды тегін меңгеріп, практикалық дайындықтан өте алады. Онлайн форматтар тұрғылықты жеріне қарамастан оқуға мүмкіндік береді.
Азаматтар белсенділігінің жоғары болуы мен қатысу ауқымы бағдарламаның өзектілігін дәлелдейді. Қазақстан цифрлық экономикаға өту үшін жүйелі түрде ЖИ-сауаттылықты арттырып, кадрлық резервті қалыптастырып келеді. Министрлік білім беру, мемлекеттік басқару және бизнес салаларындағы нақты міндеттерді орындау мақсатында осы бағыттағы ауқымды жұмысты одан әрі жалғастырады.