
«Kazsat» ұлттық геостационарлық ғарыштық байланыс жүйесін дамыту жоспарларына сәйкес, 2029 жылы «KazSat-3» байланыс және хабар тарату жерсерігін жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылады, оның есептік пайдалану мерзімі 2029 жылдың соңына дейін айқындалған.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «KazSat-3» жерсерігін алмастыру үшін ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру» жобасы бойынша жұмыстарды орындау үшін әлеуетті жеткізушіні ішкі іріктеу рәсіміне кірісті («KazSat-3R» ғарыштық байланыс жүйесі)
«KazSat-3R» жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасының аэроғарыш саласын және байланыс саласын дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін және Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің енуін арттыру, «KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
«KazSat-3R» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР ЖИЦДМ Аэроғарыш комитеті «KazSat-3R» жобасы бойынша жұмысты орындау үшін әлеуетті жеткізушіні ішкі іріктеу рәсімдеріне қатысу үшін 40-тан астам компаниялардың – ғарыш техникасын өндіруші компаниялардың, оның ішінде әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын жасау саласындағы әлемдік тәжірибесі бар компаниялардың, сондай-ақ, ғарыш техникасын жасау саласында алғашқы қадамдарды жасаған стартап-компаниялардың атына шақыру жолдады.
«KazSat-3R» жаңа қазақстандық байланыс жерсерігін жасау конкурсына қатысуға шақыруға ғарыш техникасын өндіруші 14 компания жауап берді, оның ішінде: 2 қазақстандық және 12 шетелдік компания.
2025 жылғы 15 желтоқсанда «РҒБО» АҚ әлеуетті жеткізушілердің түпкілікті тізіміне енген 14 компанияның мекенжайына ішкі іріктеу рәсімдеріне қатысу үшін шақыру-хабарлама жіберді.
Әлеуетті жеткізушілердің өтінімді және барлық қажетті құжаттарды ұсынуының аяқталу мерзімі 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін белгіленген.
«KazSat-3R» жобасын қаржыландыру екі қаржыландыру көзін тарту арқылы жоспарлануда. Негізгі қаржыландыру, бұл «KazSat-3R» ғарыштық байланыс жүйесінің жалпы құнының 50%-дан астамы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының («KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің операторы) меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, жоғары технологиялық ғарыш жобасын қосымша қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.