Түркітілдес мемлекеттер ұйымының "Картография жөніндегі жұмыс тобының" екінші отырысы аяқталды.

Түркітілдес мемлекеттер ұйымының "Картография жөніндегі жұмыс тобының" екінші отырысы аяқталды.

Ағымдағы жылдың 2-3 желтоқсанында Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүшемемлекеттердің картографиясы жөніндегі жұмыстобының екінші отырысы өтті.

Отырысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия геодезия, картография және геоақпараттық жүйелер саласындағы органдардың өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар ретінде Венгрия, Солтүстік Кипр және Түрікменстан өкілдері қатысты.

Кездесудеқазақстандық тарап "Ұлттық геодезия жәнекеңістіктік ақпарат орталығы "РМК қызметкерлерімен таныстырылды.

Жұмыс тобының отырысында сөз сөйлеген "ҰГКАО" РМК басдиректоры Рахимжан Имантаев кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға геодезия және картография саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға ықпал ететін Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласы өкілдерінің қатысуының маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және әдістемемен технологиялармен алмасу, өңірлік стандарттармен үйлестіру жүйелерін келісу, кадрлар даярлау және кәсіби тәжірибемен өзараалмасу бағыттарында түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдермен бірлескен жобаларды дамытуға дайын." - деді ол.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар біздің еліміздегі ағымдағы қызмет туралы хабардар етілді.

Кездесуде түркі мемлекеттері ұйымына мүшеелдердің өкілдері 2024 жылғы 30 қыркүйек - 1 қазанда Анкарада өткен жұмыс тобының бірінші отырысында қойылған мақсаттардың іске асырылу барысын, ынтымақтастықты нығайтуды, жаңа мақсаттармен оларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындауды талқылады. Іс-шара панельдік сессиялармен жалғасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында келесі, үшінші отырысты өткізу туралы шешім қабылданды. Соңында Түркітілдес мемлекеттер ұйымының картографиялық мекемелері басшыларының екінші отырысының декларациясына қол қойылды.