
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығы IT-архитекторлар академиясының ашылғанын жариялады. Бұл жаңа білім беру бастамасы мемлекеттік және корпоративтік деңгейдегі цифрлық шешімдердің архитектуралық сапасын арттыруға бағытталған.
Жедел цифрландыру мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу жағдайында негізгі күрделі мәселелердің бірі – IT-жүйелердің бытыраңқылығы мен олардың қайталануы болып қалып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік цифрлық сервистердің ыңғайлы, өзара ықпалдасқан және ауқымдалатын болуы аса маңызды. Мұндай шешімдер дайын модульдерді қайта пайдалану, технологиялық үйлесімділік және бірыңғай архитектура қағидаттарына сүйенуі тиіс.
IT-архитекторлар академиясы мамандарды IT жүйелерін идеядан бастап іске қосу мен жасанды интеллектіні интеграциялауға дейін тұтас экожүйе ретінде қарастыруға үйрететін тәжірибеге бағытталған платформа болмақ. Оқу бағдарламасы төрт негізгі модульден тұрады:
Бағдарлама 2025 жылғы желтоқсанда басталады. Алғашқы топ тыңдаушылары үшін оқу ақысыз. Өтінімдер 2025 жылғы 20 қараша мен 15 желтоқсан аралығында govtec.kz сайтында қабылданады.
«IT-архитекторлар академиясының құрылуы – цифрлық шешімдердің сапасын арттыруға жасалған маңызды инвестиция. Біз азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген, бірыңғай архитектура талаптарына сай келетін сервистерді жобалай алатын жаңа буын мамандарын даярлаймыз. Бүгінде цифрлық трансформация тек технологиялармен емес, жүйелі ойлау мен клиентке бағдарланған мәдениетпен өлшенеді», – деді Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Бахтияр Мұхаметқалиев.
2025 жылдың тамыз айында Цифрлық үкіметті қолдау ортасының бастамасымен барлық орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» сияқты квазимемлекеттік сектор ұйымдарын қамтитын Архитектуралық кеңес құрылды
Анықтама: Цифрлық үкіметті қолдау орталығы (ЦҮҚО) – Қазақстандағы цифрлық архитектураны қалыптастыратын, кең ауқымды жасанды интеллект жобаларын жүзеге асыратын талдамалық және жобалық орталық. Премьер-Министр төрағалық ететін Цифрлық штабтың жұмыс органы болып табылады.
Анықтама үшін:
govtec.kz, +7 (705) 657 81 81
Facebook / digitalelkz| Instagram/dgsc.kz