Халықаралық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында қазақстандық және шетелдік әлеуеті зор жобалар өз шешімдерін Startup Alley алаңы мен IT-компаниялар көрмесінде таныстыруда.
Startup Alley – форумның басты бөлігі. Мұнда жас компаниялар идеяларын инвесторларға, сарапшыларға, бизнес өкілдеріне және мыңдаған қатысушыға ұсынады. Жобалар жасанды интеллект пен IT-дің түрлі салаларын қамтиды: білім беру, медицина, мобильдік шешімдер, финтех, экотехнологиялар мен биометрия.
Сонымен қатар IT-компаниялар көрмесі де өтіп жатыр. Мұнда сала көшбасшылары бұлтты сервистер, киберқауіпсіздік, финтех және әлемдік цифрлық күн тәртібін айқындайтын басқа да технологиялар бойынша заманауи шешімдерді жұртшылық назарына ұсынды.
Толығырақ платформада: https://astanahub.com/kk/article/bolee-130-startapov-i-it-kompanii-predstavili-resheniia-na-digital-bridge-2025