ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі арасындағы меморандумға қол қою

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі арасындағы меморандумға қол қою

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі цифрлық технологияларды дамыту және екі ел арасындағы ІТ және жасанды интеллект саласындағы өзара әрекеттестікті нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылатын меморандумға қол қойды.

Құжат тәжірибе алмасуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және екі елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық цифрлық қызметтерді жақсартуға, технологиялық стартаптар саласындағы өзара интеграцияны күшейтуге және ІТ мен жасанды интеллект саласындағы тиімді және қауіпсіз шешімдер үшін инфрақұрылымды жақсартуға септігін тигізеді.

Стратегиялық серіктестікті нығайту Орталық Азия елдерінде цифрлық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.