IV Qazaqstan IGF 2026: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум – Қазақстандағы цифрлық кеңістік пен киберқауіпсіздікті дамытуға ықпал ететін жыл сайынғы ірі іс-шара. Форум 2026 жылдың 14 қазанында Алматы қаласындағы SmArtPoint IT-хабында өтеді.
Дәстүр бойынша, Qazaqstan IGF Қазақстандағы интернетті басқару мәселелері бойынша ашық әрі нәтижелі диалог орнату үшін мемлекеттік органдар, бизнес және IT-қоғамдастық, азаматтық сектор және академиялық орта өкілдерін біріктіреді.
Биыл форумның басты назарында, Цифрлық кодексті іс жүзінде қолдану, жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау және елдің интернет-инфрақұрылымының орнықты дамуын нығайту мәселесі.
Форумның негізгі тақырыптары:
«Цифрлық экономикаға арналған цифрлық мамандықтарды даярлау» сессиясы аясында Киберқұқық мектебінің сарапшылары «Заңгерлерге арналған ЖИ» атты жаңа курсты таныстырады. Курс мамандарға IT-жобалар мен жасанды интеллект технологияларын құқықтық сүйемелдеу үшін қажетті алгоритмдермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын береді.
Qazaqstan IGF 2026 ұйымдастырушылары: «Eurasian Digital Foundation» қоры және «Қазақстанның цифрлық құқықтар орталығы» заң фирмасы. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен, Freedom Holding Corp., Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Maqsut Narikbayev University және «BlockchainKZ» қауымдастығымен серіктестікте өткізіледі. Форумға Алматы қаласында офлайн қатысуға немесе онлайн трансляцияға қосылуға болады.
Форумға тіркелу үшін Qazaqstan IGF сайтына кіріңіз. Онлайн трансляция қарастырылған.
Мемлекет басшысының халықты сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау, сондай-ақ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті өңірдегі байланыс сапасы төмен әрі проблемалы аумақтарды («ақ дақтарды») тексеріп, арнайы жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесудің басты мақсаты — өңірдегі инфрақұрылымдық түйткілдерді шешіп, халықты үздіксіз әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету болды. Инспекция барысында телекоммуникация инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары жан-жақты сараланды.
Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жобасы бойынша Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков әрбір елді мекен бойынша жұмыстың егжей-тегжейлі кестелерін бекітуді және олардың орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге ол шағын ауылдарды жергілікті әкімдікпен келіспейінше және балама шешімдерін таппайынша қамту жоспарынан алып тастауға жол берілмейтінін баса айтты.
Шалғай және қатынауы қиын елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету үшін «соңғы миля» жобасы аясында рельефі күрделі 12 ауылға OneWeb спутниктік байланыс кешендерін орнату ұсынылды. Бұдан бөлек, Tele2/Altel операторының лицензиялық міндеттемелеріне кіретін 8 ауылды жоспарланған мерзімнен бұрын қосу мәселесі қарастырылып жатыр.
Облыс орталығы Өскемен қаласындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Бұған дейін анықталған 24 проблемалық орынның 22-сі бойынша мәселе толықтай шешімін тапты. Ал қалған учаскелер бойынша «Ягодка» саяжай алабында электр монтаждау жұмыстары аяқталып келеді, «Болашақ» шағынауданында базалық станция орнатуға алаң таңдалуда, сондай-ақ қос мақсаттағы 7 тіреуішке жер телімдері рәсімделуде. Сонымен қатар, Лихарев көшесі мен жағалау бойындағы радиокедергілерді жою мақсатында Байланыс инспекциясы, Мемлекеттік радиожиілік қызметі және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысуымен бірлескен радиомониторинг жүргізу жоспарланды.
Инспекция қорытындысы бойынша комитет тарапынан операторларға антенна-мачталық құрылымдардың мүмкіндігін толық пайдалану және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін жабдықтарды орнату жұмыстарын тезірек аяқтау жүктелді.
Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы және AI MONTH 2026 аясында киберқауіпсіздік бойынша халықаралық KazHackStan 2026 конференциясы өз жұмысын бастады.
Екі күн ішінде конференцияға 7 елден 10 мың адам қатысады. Қазақстандық және шетелдік 100-ден астам сарапшы сөз сөйлейді. Биылғы негізгі тақырып – киберқауіпсіздікке төзімділік.
Конференцияның ашылуында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазіргі таңда мемлекеттік басқару, экономика және азаматтардың күнделікті өмірі цифрлық жүйелердің тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Бүгінде мемлекеттік басқару, экономика және азаматтардың күнделікті өмірі цифрлық жүйелердің тұрақтылығына байланысты. Жасанды интеллект киберқауіптердің ауқымы мен таралу жылдамдығын арттырып отыр. Сондықтан оларға төтеп бере алатын тұрақты жүйелерді қалыптастыру аса маңызды. Қазақстан киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді жүйесін қалыптастыруда. «Киберқауіпсіздік туралы» заң қабылданды, аса маңызды 400-ден астам цифрлық нысан айқындалды, киберқауіпсіздік бойынша 40-тан астам жедел әрекет ету орталығы жұмыс істейді. Цифрлық инфрақұрылым мен жасанды интеллект неғұрлым жылдам дамыған сайын, олардың қорғалуына қойылатын талаптар да арта түседі. Бүгінде киберқауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің және экономиканың тұрақтылығына, сондай-ақ азаматтардың сеніміне тікелей қатысты. Мемлекет, бизнес, ғылыми және кәсіби қауымдастық бірлесіп әрекет етуі қажет», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Қабылданған шаралар өз нәтижесін беріп отыр. Халықаралық электр байланысы одағының Global Cybersecurity Index индексінде Қазақстан Tier 2 деңгейіне кіреді. Бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір Tier 1 деңгейіне өту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жаслан Мәдиев бес негізгі бағытқа назар аударуды ұсынды. Олар: жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану, посткванттық қорғанысқа дайындық, халықаралық техникалық өзара іс-қимыл, кадр даярлау және кибермәдениетті дамыту, отандық шешімдерді дамыту. Сонымен қатар посткванттық криптографияға көшу бойынша ұлттық жол картасын әзірлеуді ұсынды.
Конференцияның алғашқы күнінде азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғау, дербес деректердің таралып кетуі, дипфейктер және аса маңызды инфрақұрылымды қорғау мәселелері талқылануда. Негізгі залда «Қазақстанның кибертұрақтылығы: мемлекет, технологиялар және ортақ жауапкершілік» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік багхантерлеріне CyberNomad Awards марапаттары табысталады.
Сонымен қатар Government, Cyber Resilience және OSINT & Forensics бағыттары бойынша тақырыптық сессиялар өтуде. Government бағыты аясында Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының отырысы ұйымдастырылады.
Бүгін практикалық киберқауіпсіздік бойынша CyberKumbez жарысы және Қазақстан құрамасының Италияда өтетін Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық ICO 2027 олимпиадасына қатысатын мектеп оқушыларын іріктеу кезеңі де басталды. Финалдық кезеңдер конференцияның екінші күні, ертең өтеді.
30 қыркүйекте конференцияның екінші күні – Secure Development & Hack Day өтеді. Қатысушыларды қазақстандық және халықаралық сарапшылардың техникалық баяндамалары, кибершабуылдар мен олардан қорғану әдістерінің көрсетілімдері, нақты осалдықтар мен киберинциденттерді талдау күтеді.
Қонақтарға арналған көрме аймағында қазақстандық және халықаралық компаниялар киберқауіпсіздік саласындағы өнімдері мен технологияларын таныстырады.
29 қыркүйекте Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы жасанды интеллект пен цифрлық ынтымақтастықты дамытуға арналған C5+1 SI Conference конференциясы жұмысын бастады. Екі күнге созылатын кездесу бірлескен жобаларды, инвестицияларды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, технологиялық компаниялардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір алаңға жинайды.
C5+1 – Орталық Азияның бес мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық алаңы. Формат 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді және экономика, қауіпсіздік пен өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері бойынша диалог тетігі ретінде қызмет етеді. Ол елдерге басымдықтарды келісуге және мемлекет пен бизнестің қатысуымен бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Астанадағы конференция осы серіктестіктің технологиялық бағытына назар аударады. Конференцияда озық жасанды интеллект жүйелерін, цифрлық инфрақұрылым мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, киберқауіпсіздікті нығайту және американдық технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Қазақстан үшін мұндай диалогтың практикалық құндылығы – инвестициялар мен технологиялық сараптаманы тарту, есептеу инфрақұрылымын дамыту және отандық компаниялардың халықаралық серіктестер мен нарықтарға қолжетімділігін кеңейту мүмкіндігінде. Осы бағыттардағы ынтымақтастық жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік қызметтерге енгізуге, мамандар даярлауға және цифрлық жүйелердің қорғалуын арттыруға жағдай жасайды.
Бұл басымдықтар C5+1 елдерінің экономикалық ынтымақтастық саласындағы ниеттер туралы бірлескен мәлімдемесінде бекітілген. Құжат IT-стартаптарды қолдауды, жасанды интеллект бойынша зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты, цифрлық қызметтерді, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды көздейді.
Бүгінгі кездесу ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болып табылады. 2025 жылғы қарашада Вашингтонда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен АҚШ Президентінің қатысуымен C5+1 саммиті өтті. Кездесуде Қазақстан атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, білім беру және инновациялар салаларын қамтитын жалпы сомасы шамамен 17 млрд долларды құрайтын 29 келісімге қол қойылды. Технологиялық бағыттардың қатарында спутниктік байланысты енгізу, зияткерлік көлік жүйелерін, цифрлық төлемдерді және жасанды интеллектіге негізделген білім беру шешімдерін дамыту бар.
Атап айтқанда, қарашадағы сапар барысында Direct to Cell технологиясын енгізуге бағытталған меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың бұл бағыты жерүсті мобильді желілері қамтымаған аудандарда байланысқа қолжетімділікті кеңейтуге арналған. Білім беру саласында американдық университеттермен және технологиялық серіктестермен, соның ішінде OpenAI компаниясымен құжаттарға қол қойылды.
Астанадағы конференция алдағы практикалық қадамдарды талқылау алаңына айналады: қатысушылар өңір елдерінің цифрлық бастамаларын таныстырып, тәжірибе алмасады және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстан үшін бұл – цифрлық дамудың ұлттық міндеттерін халықаралық серіктестердің технологияларымен, инвестицияларымен және құзыреттерімен ұштастыру мүмкіндігі.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Орталық Азия бизнес қауымдастықтарының, IT компанияларының, кәсіпкерлік және сарапшылық қауымдастықтардың және мемлекеттік сектордың өкілдері Астанада «Орталық Азия елдерін цифрлық күн тәртібіне интеграциялау» атты аймақтық дөңгелек үстел басында бас қосты. Кездесудің негізгі тақырыбы аймақтағы бес түрлі цифрлық нарықтан өзара әрекеттесетін цифрлық кеңістікке көшу болды.
Дөңгелек үстел B5+1 III цикл ынтымақтастығының бөлігі ретінде өтті және бизнес қауымдастығы 2027 жылға арналған аймақтық бизнес күн тәртібіне енгізуді ұсынатын нақты бастамаларды талқылауға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Талқылаудың негізгі тақырыптары - IT компанияларының жұмысын айтарлықтай жеңілдету және олардың аймақ нарықтарына қол жеткізуін кеңейту үшін не істеу керек.
Орталық Азияның цифрлық интеграциясына арналған алты бизнес ұсынысы
Жыл бойы IT және жасанды интеллект аймақтық жұмыс тобы кәсіпкерлермен, салалық қауымдастықтармен және сарапшылармен ұлттық және аймақтық консультациялар өткізді. Алдыңғы циклде консультация процесіне Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттарының 60-тан астам кәсіпорындары мен ұйымдарын, соның ішінде Meta, Mastercard, Google және басқаларын білдіретін бизнес қауымдастықтары қатысты.
Бастаманың экономикалық логикасы - халықаралық технологиялық индустрияның Орталық Азияға деген көзқарасын біртіндеп өзгерту: бес бөлек нарық емес, 80 миллионнан астам халқы бар өзара байланысты цифрлық аймақ.
Бірдей заңдар емес, үйлесімді цифрлық жүйелер
Дөңгелек үстелдің негізгі құжаттарының бірі сарапшылар дайындаған Орталық Азия мемлекеттері арасындағы цифрлық саясат және жасанды интеллектті басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы болды. Оның негізгі ерекшелігі - елдер бірдей цифрлық заңдарды қабылдауға немесе ұлттан тыс реттеуші орган құруға міндетті емес.
Икемді модель ұсынылады: әрбір ел өзінің ұлттық заңнамасын және цифрлық егемендігін сақтайды, бірақ мемлекеттер біртіндеп өздерінің құқықтық режимдері мен цифрлық жүйелерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Іс жүзінде бұл электрондық құжат айналымы мен цифрлық сәйкестендіруге, жеке деректерді қорғауға, киберқауіпсіздікке және жасанды интеллектті реттеуге тәсілдерді үйлестіру мүмкіндігін қамтиды. Жоба сонымен қатар электрондық құжаттарды, электрондық қолтаңбаларды және цифрлық сәйкестендіру құралдарын өзара тану үшін жағдайлар жасауды көздейді. Бұл бизнес үшін әкімшілік және құқықтық кедергілерді азайтып, цифрлық қызметтерді трансшекаралық ұсынуды жеңілдетуі керек.
«Біздің мақсатымыз - реттеудің тағы бір деңгейін құру емес. Біз Орталық Азия елдері арасында цифрлық көпірлер салуымыз керек. Егер электрондық құжаттар, цифрлық сәйкестендіру, деректерді басқару ережелері және жасанды интеллект тәсілдері өзара үйлесімді болса, технологиялық компаниялардың аймақ бойынша кеңеюі айтарлықтай оңай болады», - деді «TechnoWomen» үкіметтік емес ұйымының басқарма төрайымы Азиза Шужеева.
Адамдар алгоритмдерден жоғары
Дөңгелек үстелде ұсынылатын екінші маңызды бастама - Орталық Азияда жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдаланудың этикалық кодексінің жобасы. Құжатта бес ел үшін жасанды интеллектті пайдаланудың жалпы этикалық нұсқаулары ұсынылады, сонымен бірге ұлттық заңнаманың басымдығын сақтайды. Кодекс ұсынымдық сипатта болады және ұлттан жоғары жасанды интеллект реттеушісін құруды немесе жасанды интеллект жүйелерін міндетті түрде сертификаттауды немесе аккредиттеуді көздемейді.
Жоба қарапайым қағидаға негізделген: технология адамның шешім қабылдауына көмектесе алады, бірақ ол адамның жауапкершілігін алмастырмауы керек.
Егер шешім адам құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай әсер етсе, оны тек алгоритм арқылы қабылдауға болмайды. Адамның жасанды интеллектпен өзара әрекеттесіп жатқанын білу, нәтиженің нақты түсіндірмесін алу және мәселені адами қарауды сұрау құқығын бекіту ұсынылады.
Жобада сондай-ақ қолайсыз тәжірибелердің ең аз тізімі анықталған: жасанды интеллектті адамдарды зиянды манипуляциялау үшін пайдалану, балалар мен басқа топтардың осалдығын пайдалану, кемсітушілік тәжірибелер, жеке деректерді заңсыз пайдалану және алаяқтық немесе зиян келтіру мақсатында синтетикалық мазмұн жасау.
Жасанды интеллект Орталық Азия тілдерін түсінуі керек.
Кодексте Орталық Азия үшін ерекше маңызды мәселеге: тілдік және мәдени әртүрлілікке ерекше назар аударылады.
Ол жасанды интеллект қызметтерінің сапасы пайдаланушы тілінен тәуелсіз болуын қамтамасыз ету үшін аймақтық тілдік ресурстар мен деректер жиынтығын әзірлеуді ұсынады. Бұл заманауи жасанды интеллект жүйелерінің қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен және аймақтың басқа тілдерімен тиімді жұмыс істей алатын жағдайлар жасауды талап етеді.
Кодексте сондай-ақ алгоритмдік кемсітушіліктен қорғау, гендерлік теңдікті қолдау және әйелдердің жасанды интеллект жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және бағалауға көбірек қатысуы қарастырылған. Технологияның балаларға, қарттарға, мүгедектерге және ауылдық жерлердегі тұрғындарға әсеріне де ерекше назар аударылады.
Талқылаулардан нақты аймақтық шешімдерге дейін
Дөңгелек үстелге қатысушылар тек тұжырымдамалық құжаттарды ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізін құра алатын нақты бизнес ұсыныстарын да талқылайды.
Ұсынылған тетіктердің бірі - мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалог үшін тұрақты аймақтық платформа құру, осылайша цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жаңа ережелерді әзірлеу кезеңіндегі бизнестермен талқылауға болады.
Тағы бір бағыт - жаһандық технологиялық компаниялармен, бұлт провайдерлерімен, телекоммуникация операторларымен және инвесторлармен диалогты нығайту. Мақсат - Орталық Азиядағы ірі көлемді инвестицияларға қазіргі уақытта кедергі келтіретін реттеуші және инфрақұрылымдық кедергілерді түсіну.
Біртұтас технологиялық аймақ ретіндегі Орталық Азия
Жұмыс тобының ұйымдастырушылары мен қатысушылары дөңгелек үстел нәтижелері 2027 жылға арналған B5+1 аймақтық бизнес күн тәртібін одан әрі әзірлеуде пайдаланылады деп үміттенеді. Ұзақ мерзімді перспективада міндет жеке реттеуші бастамаларға қарағанда әлдеқайда кең.
Мақсат - Астанада, Ташкентте, Бішкекте, Душанбеде немесе Ашхабадта құрылған стартап немесе технологиялық компания көршілес елдерді нөлден бастап дамытуға болатын бес жаңа нарық ретінде емес, өз бизнесін кеңейту үшін бірыңғай кеңістік ретінде қарастыра алатындай жағдай жасау.
Дөңгелек үстелдің негізгі ұстанымы: Орталық Азия технология мен инвестиция үшін бес бөлек цифрлық нарық ретінде емес, біртұтас, өзара байланысты технологиялық аймақ ретінде бәсекелесе алады.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Beeline Қазақстан Starlink Mobile компаниясымен бірлесіп Direct to Cell технологиясы арқылы спутниктік мобильді байланысты іске қосады. Бұл технология жерүсті мобильді байланыс қамту аймағынан тыс жерде үйлесімді смартфон арқылы байланыс қызметтерінің жекелеген түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Starlink Mobile технологиясын енгізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды. Сол жылдың қараша айында Министрлік пен Beeline Қазақстан Direct to Cell технологиясын енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ал желтоқсан айында алғашқы практикалық сынақтар өткізілді.
«2025 жылдың күзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Қазақстан Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктік байланысын енгізу жөнінде келісімге келді. Бүгінде сол келісімнің нақты іске асып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан Орталық Азияда Direct to Cell технологиясы практикалық сынақтан өткізіліп, енді пайдаланушыларға арналған қызмет ретінде іске қосылған алғашқы ел болды. Біз үшін озық технологиялардың халықаралық келісімдердің бір бөлігі болып қана қоймай, Қазақстанда нақты қолданысқа еніп, адамдарға пайда әкеле бастағаны маңызды», - деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Технология арнайы спутниктік телефонды, сыртқы антеннаны немесе қосымша жабдықты қажет етпей, үйлесімді смартфонды Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктеріне тікелей қосуға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға жерүсті мобильді желісі мүлдем жоқ аймақтарда хабарламалар жіберу және қабылдау, сондай-ақ базалық интернет-сервистерді пайдалану мүмкіндігі беріледі. Beeline Қазақстан клиенттері үшін промо-кезеңде қызмет тегін ұсынылады.
Спутниктік байланыс жерүсті мобильді инфрақұрылымын толықтырып, шалғай аудандарда, қала сыртындағы трассаларда және таулы жерлерде байланыс мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қосылу жерүсті байланысы болмаған жағдайда және спутникпен байланыс орнатуға қажетті жағдайлар болған кезде мүмкін болады.
Қазақстанның аумағы кең екенін ескерсек, спутниктік мобильді байланысты дамыту ерекше маңызға ие. Технология шалғай және жетуі қиын жерлерден хабарлама жіберуге, сондай-ақ жерүсті инфрақұрылымы зақымданған жағдайда байланыста болуға қосымша мүмкіндік береді. Бұл қызмет туристерге, шалғай елді мекендердің тұрғындарына, жол және коммуналдық қызметтердің қызметкерлеріне, елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейтін мамандарға пайдалы болуы мүмкін.
«Beeline Қазақстанда жиырма жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз байланыс пен жаңа технологияларды дамытуға тұрақты түрде инвестиция салып келеміз. Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі, ал қашықтық адамдардың заманауи технологияларға қол жеткізуіне кедергі болмауы тиіс. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту - елдің бәсекеге қабілеттілігі мен өмір сүру сапасына салынатын ұзақ мерзімді инвестиция», - деді қазақстандық кәсіпкер, «Верный Капитал» тобының инвесторы Болат Өтемұратов.
«Спутниктік мобильді байланысты іске қосу - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Beeline Қазақстан командасының және Starlink мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. Beeline Қазақстанда бұл технологияны алғаш болып іске қосып отыр. Ол мобильді байланыстың мүмкіндіктерін қолданыстағы қамту аймағынан тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Ұзақ әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі енді қазақстандықтардың күнделікті пайдалануына қолжетімді. Біз бұрын байланыста болу мүмкін болмаған жерлерде де байланыста қалуға мүмкіндік беретін қарапайым әрі жаңа байланыс деңгейін ұсынамыз», - деді Beeline Қазақстан компаниясының CEO-сы Джаббор Каюмов.
Жоба Министрлік, Beeline Қазақстан және Starlink компанияларының бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылуда. Ынтымақтастықтың тағы бір негізі - Beeline Қазақстанның бақылау пакетін иеленетін VEON тобы мен Starlink арасындағы жаһандық негіздемелік келісім.
Технологияны қалай пайдалануға болады
Қазіргі кезеңде қызметке Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін үйлесімді құрылғылар арқылы қосылуға болады. Алдағы уақытта басқа операциялық жүйелерді қолдауды кеңейту жоспарланып отыр.
Қызметті пайдалану үшін Janymda қосымшасын соңғы нұсқасына дейін жаңартып, қосымшада Starlink қызметін іске қосу және телефон баптауларынан деректер роумингін қосу қажет. Жерүсті байланысы болмаған жағдайда спутниктік желіні қолмен таңдауға болады: Beeline Starlink. Кей жағдайда ол 401 04 ретінде көрсетілуі мүмкін.
Павлодар облысына жұмыс сапарыаясында Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев өңірлікцифрлық жобалармен танысыпстартаптаржәне IT-қоғамдастық өкілдерімен кездесті, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағыахуалдық орталықтарға барыпсондай-ақхалықпен кездесу өткізді
Өңірлік стартаптарды қолдау
Pavlodar Hub алаңында өңірдің нақтыміндеттерін шешуге қолдануға болатынтехнологиялық жобалар мен шешімдертаныстырылды
Атап айтқандакелесі жобалар қаралды
Barjokэлектр энергиясыныңажыратылуын мониторингтеуге арналғаншешім. Энергетика басқармасымен бірлесіпэлектр энергиясының ажыратылуын жеделанықтау және мониторинг жүргізу үшін аталғаншешімді енгізу мүмкіндігін пысықтаутапсырылды
Ping – 109 қызметінің жұмысына жасандыинтеллект енгізуге арналған шешімАзаматтардың өтініштерін өңдеудіавтоматтандыру және ден қою жылдамдығынарттыру мақсатында жобаны пилоттықрежимде іске асыру мәселесін пысықтауұсынылды
Tekserмектептерге арналған цифрлықшешімдерҚолданыстағы пилоттық жобалардыаяқтаполардың қорытындысы бойынша оданәрі масштабтау мүмкіндігін бағалаутапсырылды
Dala Capital – Real World Assets (RWA) саласындағы жобаЖобаны Alatau cityменбірлесіп одан әрі дамыту мүмкіндіктерінпысықтау ұсынылды
Qoldamтұрғын үйкоммуналдықшаруашылық саласындағы дебиторлықберешекпен жұмыс істеуге арналған шешімЖобаны Павлодар қаласында іске қосу жәнеоның практикалық тиімділігін бағалауұсынылды
Өңірдің стартап-экожүйесін одан әрі дамытумәселелері де жеке талқыландыPavlodar Hubбазасында жастар, IT-мамандарстартаптаржәне өңірдің технологиялық қоғамдастығы үшінтартымды орталыққа айналатын заманауикеңістік құру ұсынылды
Өңірдің бірыңғай ахуалдық орталығы
Жұмыс сапары барысында Павлодар қаласының ахуалдық орталығының жұмысы да зерделенді
Негізгі міндетжекелеген ақпараттықжүйелер мен мониторингтік панельдердендеректер негізінде жұмыс істейтін бірыңғайбасқару орталығына көшуАхуалдық орталықөңірлік ақпараттық жүйелердің барынша көпсанын интеграциялапөңірде болып жатқанжағдайдың кешенді көрінісін қамтамасыз етуітиіс
Екібастұз қаласының қалалық жәнекоммуналдық инфрақұрылымдымониторингтеу тәжірибесіне ерекше назар аударылдыОң нәтижесін көрсеткеншешімдерді облыстың басқа аумақтарынамасштабтау ұсынылды
Ахуалдық орталықты дамыту тәсілдерінқайта қарауоның талдамалық құрамдасбөлігін күшейту және проблемаларды болжаумен басқарушылық шешімдер қабылдаудықолдау үшін жасанды интеллект құралдарынкезең-кезеңімен енгізу міндеті қойылды
Ірі кәсіпорындар өңірдің цифрлықтрансформациясына тартылады
Павлодар облысының ірі өнеркәсіптіккәсіпорындарымен жұмыстың жеке бағытықалыптастырылатын болады
Ірі кәсіпорындарда цифрландыруға жауаптыбасшыларды айқындауцифрлық және AI-даму бойынша өз стратегияларын қалыптастырусондай-ақ кәсіпорындар орналасқан қалалармен аудандардың цифрлықтрансформациясына белсенді түрде атсалысуұсынылды
Ірі бизнес өз өндірісін цифрландыруменғана шектелмейтехнологиялық жобалардыкадрлар даярлауды және заманауишешімдерді енгізуді қолдау арқылы өңірдіңдамуына да қатысуы қажет
Сондай-ақ облыс әкімдігінөнеркәсіптіккәсіпорындарды, IT-компаниялардыбілім беру ұйымдарын және технологиялыққоғамдастықты біріктіретін Жасандыинтеллектті дамыту жөніндегі өңірлік кеңесқұру ұсынылды
Жаңа цифрлық экономика үшін кадрлардаярлау
Халықпен кездесу барысында кадрлардыдаярлау және олардың біліктілігін арттырумәселелеріне ерекше назар аударылды
Павлодар облысы экономикасыныңқұрылымы мен кәсіпорындардың мамандарғадеген болашақ қажеттілігін ескере отырыпцифрлық дағдылар мен жасанды интеллект бойынша өңірлік оқыту бағдарламасынқалыптастыру ұсынылды
Бұл жұмыс деректерді өңдеу орталықтарынорналастыру инфрақұрылымы дамып жатқанЕкібастұз үшін ерекше өзектіОсығанбайланысты әкімдікке болашақта ДӨО-ларда, энергетика, IT және басқа да технологиялықбағыттарда жұмыс істей алатын мамандардыдаярлаудың жүйелі бағдарламасын алдын ала іске қосу ұсынылды
Осылайша, Павлодар облысының одан әріцифрлық трансформациясы өзара байланыстыбірнеше бағыт төңірегінде жүзеге асырылатынболадыпрактикалық AI-шешімдерді енгізубірыңғай ахуалдық орталықты дамытустартаптарды қолдауірі кәсіпорындардытарту және кадрларды жүйелі даярлау
Негізгі қағидатцифрлық жобалар өңірдіңнақты қажеттіліктерінен туындаптұрғындар, бизнес және мемлекеттік басқару үшінөлшенетін нәтиже беруі тиіс
Қазақстанда автономды көлікті дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Алматыда жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізуге дайындықтың жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Yandex Qazaqstan қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасауға кірісті. Бұл карта қалалық ортада автономды көлікті одан әрі пилоттық режимде сынақтан өткізуге қажетті технологиялық негіз болады.
Арнайы жабдықталған көліктер Алматы көшелеріне шығып, жол инфрақұрылымы туралы деректерді жинай бастады. Олар жолақтар, бағдаршамдар, жол белгілері, қиылыстар және қалалық ортаның басқа да элементтері туралы ақпаратты тіркейтін лидарлармен, камералармен және өзге де сенсорлармен жабдықталған. Жиналған ақпарат негізінде жол инфрақұрылымының егжей-тегжейлі цифрлық моделі қалыптастырылады.
Бұл жұмыс Қазақстанда автономды көлік технологияларын сынақтан өткізу және енгізу үшін қажетті жағдайларды кезең-кезеңімен қалыптастыру аясында жүргізілуде. Елде жүргізушісіз көліктерді нақты қалалық ортада қауіпсіз пилоттық режимде сынақтан өткізуге қатысты нормативтік және технологиялық тәсілдер айқындалуда.
«Жасанды интеллект нақты экономика салалары мен адамдардың күнделікті өмірін өзгертетін қолданбалы технологияға айналуы керек. Автономды көлік осы өзгерістің ең айқын мысалдарының бірі. Қазақстанда автономды көліктерді қалалық ортада сынақтан өткізуге қажетті нормативтік жағдайлар қазірдің өзінде жасалды. Келесі кезең – қажетті технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру. Алматының жоғары дәлдіктегі картасын жасау осы жұмыстың бір бөлігі. Бұл ретте негізгі қағидат қауіпсіздік болып қала береді. Сондықтан автономды көлікті енгізу технологияларды сынақтан өткізу, нақты жол жағдайларын талдау және реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Жоғары дәлдіктегі карта автономды көлік технологиясының негізгі элементтерінің бірі саналады. Онда жолақтар, қиылыстар, жол белгілері, бағдаршамдар және маршруттағы басқа да нысандар туралы егжей-тегжейлі деректер қамтылады. Бұл жүргізушісіз көлікке өз орнын дәл анықтап, қалалық ортада бағдарлануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қозғалыс кезінде автономды жүйе сенсорлар кешені арқылы айналада болып жатқан жағдайды нақты уақыт режимінде талдайды.
«Алматы – күрделі әрі алуан түрлі көлік инфрақұрылымы бар елдегі ең ірі мегаполис. Қала үшін жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеп, оларды қауіпсіз енгізуге жағдай жасау маңызды. Картографиялау қалалық ортаның ерекшеліктерін ескеруге және жобаның келесі кезеңдеріне қажетті технологиялық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сәбит Нұрқанат.
Yandex Qazaqstan компаниясының хабарлауынша, қазіргі кезеңде көліктер тек қалалық ортаны картографиялаумен айналысады және жолаушыларды автономды режимде тасымалдамайды.
«Жоғары дәлдіктегі карта жасау – автономды көлік технологиясын Алматы жағдайында қолдануға дайындаудың маңызды кезеңі. Қалалық орта үнемі өзгеріп отырады. Бұған қиылыстар, жолақтар, бағдаршамдар, жол белгілері және қозғалысты ұйымдастырудың әртүрлі сценарийлері жатады. Автономды көлік маршрут бойынша дәл бағдарлануы үшін осы деректерді жинап, жүйелеу қажет. Қазір біздің көліктер қала аумағын картографиялаумен айналысып жатыр. Жобаның келесі кезеңдері туралы бөлек хабарлаймыз», – деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.
Автономды көлік технологиясында бағдарламалық және аппараттық шешімдер кешені қолданылады. Лидарлар нысандарға дейінгі қашықтықты анықтап, қоршаған кеңістіктің үш өлшемді моделін жасауға мүмкіндік береді. Камералар жол белгілерін, бағдаршам сигналдарын және басқа да визуалды нысандарды таниды, ал қосымша сенсорлар жолдағы жағдай туралы деректерді толықтырады.
Осы ақпараттың негізінде жүйе көліктің орналасқан жерін анықтап, басқа да қозғалыс қатысушылары мен айналадағы нысандарды тани отырып, жолдағы жағдайдың одан әрі өзгеруін болжайды және қозғалыстың келесі траекториясын қалыптастырады.
Астанада өтіп жатқан AI Month аясында HackAlem AI хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты.
HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында орнатылған алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Сол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдастырған хакатонға 2 089 қатысушы жиналған болатын.
«Хакатон басталғанға дейін мен бұл рекордтың бұған дейін орнатылғанын айтқан едім. Оны өткен жылдың желтоқсан айында Үндістанда Google компаниясы орнатып, оған 2 089 адам қатысқан. Менің міндетім іс-шараның өту барысын бақылап, стюардтар және тәуелсіз куәгерлермен бірге Guinness World Records талаптарының толық сақталғанына көз жеткізу болды. Біз хакатонға нақты қатысқан, қажетті талаптарды орындаған және белгіленген уақыт бойы алаңда болған қатысушыларды ғана есепке алдық. Қатысушылардың барлық деректері мен жұмыстарын тексергеннен кейін HackAlem AI нәтижесі 2 415 адам болғанын ресми түрде жариялай аламын. Сіздер Guinness World Records жаңа әлемдік рекордын орнаттыңыздар!» — деп GUINNESS WORLD RECORDS ресми төрешісі Гленн Поллард мәлімдеді.
«GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнату — Қазақстанның технологиялық қоғамдастығының ортақ жетістігі және еліміздің жоғары әлеуетінің дәлелі. HackAlem AI озық технологияларды қолдана отырып, экономиканың нақты міндеттерімен жұмыс істеген мыңдаған дарынды әзірлеушіні, студентті және жас маманды біріктірді. Біз үшін мұнда жасалған жобалардың идея мен прототиптен бастап пилоттық жобаға және нақты енгізуге дейінгі жолын жалғастыруы маңызды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаһандық технологиялық күн тәртібіне қатысып қана қоймай, оны қалыптастыруға да қабілетті екенін көрсетеді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай өтіп жатқан AI Month аясында ұйымдастырылды», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Әлемдік рекорд GUINNESS WORLD RECORDS талаптарына сәйкес орнатылды. Қатысушылар тіркеуден және сәйкестендіруден өтті, олардың алаңға кіріп-шығуы жеке бейдждерді сканерлеу арқылы тіркелді. Әр секторда ережелердің сақталуын стюардтар бақылап отырды. Қорытынды нәтижеге белгіленген талаптарды орындаған және хакатон барысында жобалармен тікелей жұмыс істеген қатысушылар ғана енгізілді.
«Бүгін Қазақстан Guinness World Records әлемдік рекордын орнатты. Бұл нәтижеге ең алдымен адамдар, біздің жас әзірлеушілеріміз, студенттеріміз және AI энтузиастары үлес қосты. Мыңдаған қатысушы Астанаға жиналып, бірнеше сағат ішінде өз идеяларын нақты AI шешімдеріне айналдырды. Біз үшін бұл рекорд HackAlem AI ауқымының көрсеткіші ғана емес, Қазақстанда және өңірде мықты технологиялық қоғамдастық пен таланттардың жаңа буыны қалыптасқанын да көрсетеді. Біз олар үшін жаңа мүмкіндіктер жасап, жаһандық технологияларға, білімге және серіктестікке жол ашуға ұмтыламыз. Бұл олардың идеяларын бәсекеге қабілетті өнімдерге айналдырып, әлемдік нарыққа шығаруына мүмкіндік береді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңызды оқиғаларының біріне айналды», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған іс-шаралар сериясы — AI Month бағдарламасын бастады. Іс-шаралар сериясы Astana Hub қолдауымен, AI & Digital Bridge 2026 қарсаңында және Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтуде.
HackAlem AI ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Arizona State University, Palo Alto Networks, MSSP.GLOBAL және «Романовский продукт».
HackAlem AI демеушілері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, Beeline Қазақстан және Firebird Inc.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Astana Hub резиденттерінің дайын цифрлық өнімдер базасын пайдалана отырып, Қордың еншілес ұйымдары үшін отандық IT-шешімдерді басым тәртіппен сатып алу тетігін әзірледі.
2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне тиісті өзгерістер күшіне енеді.
Жаңа тетік аясында Astana Hub скоринг нәтижелерін, санаттарға бөлуді және Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА) кодтарын ескере отырып, отандық IT-компаниялар мен өнімдердің арнайы тізілімін қалыптастырады.
Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді.
Процестің жеделдігін арттыру мақсатында zakup.sk.kz және Astana Hub ақпараттық жүйелерін интеграциялау қарастырылған. Бұл негізгі рәсімдерді автоматтандыруға және шарттар жасасу мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Осы тетік аясындағы сатып алулар Astana Hub резиденттері арасында баға ұсыныстарын сұрату арқылы жеңілдетілген және жеделдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басым тәртіппен сатып алынуға жататын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін Astana Hub-пен келісу бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшылық кеңесі бекітеді.
Аталған тетік 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап 2027 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасатын пилоттық жоба аясында қолданысқа енгізіледі.
«Отандық IT-компаниялар үшін бәсекеге қабілетті цифрлық шешімдерді әзірлеумен қатар, оларға нақты сұраныстың болуы да маңызды. Жаңа тетік өнімді әзірлеуден бастап оны квазимемлекеттік сектордың ірі ұйымдарында енгізуге дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық IT-компаниялардың дамуына, олардың шешімдерін ауқымдандыруға және цифрлық өнімдердің тұрақты ішкі нарығын қалыптастыруға қосымша серпін береді деп сенеміз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Сейдахметұлы Байтырсынов.
Осылайша, отандық цифрлық әзірлемелерді коммерцияландырудың және ірі ұлттық компаниялар тарапынан қазақстандық IT-шешімдерге тұрақты сұранысты қалыптастырудың қосымша арнасы құрылады.