Меню
Страницы

«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» Халықаралық форумы

«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» Халықаралық форумы

«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» халықаралық форумының жұмысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, саяси көшбасшылар, жетекші CEO, ІТ саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, бизнесмендер қатысады. Форум алаңында ауқымды деректер мен жасанды интеллект негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдары талқыланады.

Форумдағы маңызды іс-шаралардың бірі – Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Молдова Премьер-министрлерінің қатысуымен өтетін пленарлық сессия. Сарапшылар жасанды интеллект пен ауқымды деректер саласында коалиция құру және өзара іс-қимыл жолдарын, инфрақұрылым құру және технологияларды ілгерілету қажеттігін, сондай-ақ осы саладағы цифрлық теңсіздікті еңсеру мәселелерін талқылайды.

Панельдік сессиялар барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF инновациялар жөніндегі аға кеңесші Кристофер Фабиан, IDC Президенті Кроуфорд Дель Прет, Amazon Web Services үкіметін трансформациялау жөніндегі директор Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін қалаушы Кваме Ямганенің және АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия және ТМД елдерінің технологиялық индустриясының 50-ден астам өкілдері цифрлық болашақ туралы өз көзқарастарымен бөліспек.

Сонымен қатар, форум алаңында IT-шешімдер көрмесі өткізіледі, онда қазақстандық инновациялық стартап-жобалар өз өнімдерін цифрлық алыптармен тең дәрежеде таныстыра алады. Форум аясында алғаш рет Digital Almaty Awards сыйлығымен бес номинацияда үздік компаниялар мен жобаларды марапаттау рәсімі өтеді.

Форум бағдарламасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібіне, ІТ-компанияларды дамытуға және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ болашақтың білімі және тұрақты дамуға қол жеткізу мәселелеріне (БҰҰ өкілдерінің қатысуымен) арналған төрт панельдік сессияны қамтиды.

Форумның ұйымдастырушысы - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Толығырақ - digitalalmaty.org

 

ҚР Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Баспасөз қызметі
press@mdai.gov.kz
8 (7172) 74-92-73

Социальные медиа
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты