«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Жақсы ауданы әкімдігінің

2025 жылғы «21» қарашадағы

№ а – 9/262 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

Жақсы, 2025 ж.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары бар:

1) Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 3 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клуб;

3) Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, 1 балалар кітапханасы, 17 ауылдық кітапхана;

4) «Жақсы ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
  4. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3.
  8. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  9. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  10. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімнің конституциялық принциптерін бекітуді қамтамасыз ететін ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және өткізу;

ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, аудан азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

мәдениетті іске асыру бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, рухани-мәдени құндылықтарды, Қазақстан Республикасы азаматының жаңа ділін, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

аудан тұрғындарына экономикалық, саяси, мәдени, аудан, облыс, ел өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы ақпаратты жеткізу;

жастардың әлеуметтік қорғалуы мен қолдауын, олардың жұмыспен қамтылуын, жастардың кәсіптік даярлығын реттеуді қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, саяси, оның ішінде құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін, нақты әртүрлі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

белгіленген тәртіппен мемлекеттік идеологияны қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды қорыту және енгізу;

ішкі саясатты жүргізуде аудандық және ауылдық құрылымдардың қызметін үйлестіру;

ауданда тұратын халықтардың ұлттық саясаты, мемлекеттік және ұлттық тілдерін, мәдениеттерін, рухани дәстүрлерін дамыту саласында шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

Жақсы ауданының әкімдігі жанындағы гуманитарлық бағыттағы ұлттық-мәдени құралымдармен, ардагерлер Кеңесімен және өзге де қоғамдық құралымдармен өзара іс-қимыл жасау;

ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

халыққа мәдени қызмет көрсетудің ең төменгі мемлекеттік стандарттарын белгілеу;

дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

аудан азаматтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тартуға жәрдемдесу;

спорттық іс-шаралар өткізу;

спортшылардың аудандық және облыстық спорт жарыстарына қатысуы.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

ауыл және ауылдық округ әкімдерінен, атқарушы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің басшыларынан және басқа да лауазымды тұлғалардан Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе өзге де материалдарды сұрату және алу;

Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалану.

2) міндеттері:

мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинар-кеңестер, конференциялар өткізу;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет қаулыларын орындау үшін аудан әкімі қабылдаған шешімдердің жобаларын әзірлеу және аудан әкімінің қарауына енгізу, аудан әкімі қабылдаған шешімдерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, өкімдерін, Үкімет актілерін, облыс әкімі мен аудан әкімінің Мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын шешімдерін қолданысқа енгізуге ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында бақылауды жүзеге асырады;

өз саласы бойынша ауданның мемлекеттік бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруға қатысады;

аудан әкімінің курсын идеологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесін әзірлейді, аудан басшылығы үшін өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аналитикалық материалдар мен шолулар дайындайды;

терроризмге қарсы комиссияның, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, жастар ісі жөніндегі кеңестердің, әйелдер мәселелері және демографиялық саясат жөніндегі, этносаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін танымал ету жөніндегі, тіл саясаты және ономастика мәселелері жөніндегі жұмыс топтарының және Мемлекеттік мекеме жанында құрылған басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады;

Қазақстан халқының кіші ассамблеясы қызметінің негізгі іс-шараларын, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары бойынша ақпараттық-насихаттау тобының, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын үйлестіреді;

аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

аудан аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және ішкі саясат басқармасына ұсынады;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;

қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырады;

терроризмнің алдын алу, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссия арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою бойынша жұмыс жүргізеді;

аудандағы діни ахуалды, сондай-ақ ауданда жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

аудандық жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

театр, музыка өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласындағы ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қызметін қолдайды және үйлестіреді;

мәдени құндылықтарды (жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін) есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

аудандық іс-шараларды, салтанатты жиналыстарды, конференцияларды, кеңестерді, ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстарды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады және қатысады;

ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының кітапхана жүйесі қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған iс-шараларды жүргiзедi;

азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде

түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

         «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Біржан сал ауданының елді мекендерінде белгілерді орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

         Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзедi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген негiздерде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады;

Ақмола облыстық ономастика комиссиясына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

аккредиттелген жергілікті спорт ұйымдарымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық спорт жарыстарын өткізеді;

спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай аудандық күнтізбесін іске асырады;

аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынады;

аудандық және жергілікті аккредиттелген спорт ұйымдарының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен (әдіскерлермен) қамтамасыз етеді;

жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

Мемлекеттік мекеме туралы ережені әзірлейді, өзгерістер, толықтырулар енгізеді және аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

Мемлекеттік мекеменің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

аудан әкіміне шешім және өкім жобаларын және басқа да материалдарды ұсынады;

Мемлекеттік мекеменің облыстық және аудандық басқармалармен, жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді;

аудандық іс-шараларды, салтанатты жиналыстарды, конференцияларды, кеңестерді және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады және қатысады;

үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, жастар орталығымен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланысты жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыруға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану және көрнекі үгіт бойынша жұмысты үйлестіреді;

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәніне аудандық газетке талдау және мониторинг жүргізеді;

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, қызметтік этиканы, Мемлекеттік мекеменің ережесін сақтайды;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

Мемлекеттік мекеменің жұмысын талдайды, жұмысын жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік мекеме мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 3 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клуб;

Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі, 1 балалар кітапханасы, 17 ауылдық кітапхана;

«Жақсы ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Жаксынского района»
Дата публикации
15 апреля 2026