Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ішкі мемлекеттік аудит бойынша апелляция
департаменті туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит бойынша апелляция департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Министрліктің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты: ф асырады;
- Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпараттарды және Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға қажетті басқа да материалдарды Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға және алуға;
- Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларға, ережелерге, нұсқаулықтарға, нұсқамаларға және Министрлік бұйрықтарына олардың қолдану бойынша түсініктеме беруге;
- Департамент құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша Министрлікті басқар құрылымдық бөлімшелерімен жиналыстар шақыруға және өткізуге;
- Департамент құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Департамент құзыретіне енгізілген мәселер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және шағымдарын қарауға;
- Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытында және сапалы орындауға;
- Министрлік Регламенті мен құжаттандыру және құжаттарды басқару Ережесінің нормаларының бұзылуына жол бермеуге;
- Департамент міндеттерін орындауды ұйымдастыру бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;
- Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
- Функциялары:
- аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі – қарсылық) қарсылықты қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау (бұдан әрі-шағым) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы хабарламаға сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия туралы ереже) зерделеу және талдау нәтижелері бойынша анықтама қалыптастыру;
- Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлеу;
- материалдарды дайындау және оларды Комиссия туралы ережеге сәйкес Апелляциялық комиссияның қарауына енгізу;
- Апелляциялық комиссияның шешімдері негізінде қарсылықтарды (шағымдарды) қарау нәтижелері бойынша шешімдердің жобаларын дайындау;
- Комиссия туралы ережеге сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында Апелляциялық комиссияның шешімдерін орналастыру;
- қарсылықтарды (шағымдарды) қарау шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және Апелляциялық комиссия мүшелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
- қаралған қарсылықтарды (шағымдарды) мониторингілеу, қорыту және талдау, Министрліктің басшылығы үшін қарсылықтарды (шағымдарды) қарау нәтижелері туралы талдамалық, статистикалық ақпарат жасау;
- қарсылықтар мен шағымдарды қарау рәсімін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Министрлік құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
- Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Департамент құзыреті шегінде экономика саласындағы келеңсіз процестердің алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық жобаларды әзірлеуге қатысу;
- Департамент құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
- Департамент құзыреті шегінде әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындау;
- Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытынды ұсыну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасынмен белгіленген тәртіпте Министрліктің даму жоспарын әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 18-тармағының талаптарын сақтай отырып, БАҚ мен интернет-ресурстарда Мемлекет басшысының тапсырмаларын ақпараттық сүйемелдеу бойынша ақпараттық-
- Министрлік туралы Ережеге сәйкес Департамент құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Департамент директоры басқарады.
- Заңнамада белгіленген жағдайларда Департамент директорының орынбасары (-лары) болады.
- Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Департамент директоры бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, Департаментте еңбек, қызметтік және атқарушылық тәртіптің орындалуы бойынша жұмыстарды жүргізеді.
- Департамент директоры Министрліктің аппарат басшысына Департаменттің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
__________________________