1-тарау. Жалпы ережелер
1) Мемлекеттік қызметке іріктеу және оны өткеру басқармасынан;
2) Ынталандыру және тәртіптік іс жүргізу басқармасынан;
3) Сала персоналын мониторингтеу басқармасынан тұрады.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары және міндеттері
1) Министрлікте персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;
2) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;
3) Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру;
4) Министрлік қарамағындағы ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына тиімді кандидаттарды тағайындау;
5) Білім саласы персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
1) өзіне Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен, Министрлікке қарасты ұйымдары мен мекемелерінен сұрату және алу;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен Департаменттің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша өзара іс-қимыл жасау;
3) Департамент басшысының қолымен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері басшыларына, олардың орынбасарларына хабарламалар, хаттар жіберуге олардан түсініктемелер сұрату;
4) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
5) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстар мен өзге де іс-шаралар жүргізу;
6) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікте құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамында тексеру жүргізуге қатысу;
7) заңнамамен белгіленген тәртіпте басқа да құқықтарды пайдалану;
8) Министрлік басшылығына Министрлік персоналдарын дамыту мен басқару мәселелері бойынша ұсыныстарды құзыреті шегінде енгізу;
9) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен іс-шаралар қабылдау;
10) Департаментке жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйелерді қолдануға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық базасын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «е-қызмет» ақпараттық жүйесін пайдалану;
11) Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де құзыретті іске асыру.
1) Министрлікте персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) Министрлікте кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) Министрліктің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) Министрліктің кадр мониторингісін және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы («Е-қызмет» ақпараттық жүйесі) арқылы жүргізу.
5) Министрлікте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
6) Министрлікте кадрларының кәсіби дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан өткізу, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
7) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («е-қызмет» ақпараттық жүйесінде);
9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру, Министрлік қызметшілерінің жеке істері мен еңбек кітапшаларын есепке алуды жүргізу;
10) келісімшарттық қызметшілерді іріктеуді және олармен келісімшарт жасасу, өзгерістер енгізу және бұзу процесстерін ұйымдастыру;
11) Министрлікте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
12) Министрлік мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
13) Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының (бұдан әрі - ПІБ) медициналық орталығымен байланыста болу, Министрлік қызметшілеріне медициналық, санаторлы-курорттық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, Министрлік қызметшілерінің денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздық парақтарын есепке алу, қызметшілерді ПІБ «Қарлығаш» балабақшасы кезегіне есепке алу;
14) Министрлік қызметшілеріне еңбек және әлеуметтік демалыстарды, қызметтік іссапарларын, үстеме жұмысқа тарту, тынығу сағаттарын беруді рәсімдеу;
15) Министрлік қызметшілеріне электрондық карталарды рәсімдеу, еңбек тәртібін сақтауды бақылау;
16) Министрліктің тұрғын үй комиссиясы, қызметшілерге мемлекеттік қызмет өтілін бекіту жөніндегі комиссия, материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия, награда жөніндегі және басқа да комиссиялар, тәлімгерлер кеңесі қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
17) Министрлік қызметшілерін көтермелеу және ынталандыру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу;
18) үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық базасы арқылы тексеру;
19) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің басшылары лауазымдарына үміткерлермен еңбек қатынасын рәсімдеу;
20) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері басшыларының орынбасарлары лауазымдарына үміткерлермен еңбек қатынасын рәсімдеу;
21) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарларының жауапкершілігін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
22) кадрлық құрамды есепке алу, еңбек шарттары мерзімдеріне мониторинг жүргізу;
23) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу;
24) білім беруді басқару органдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарын келісуді ұйымдастыру;
25) білім беруді басқару органдарының басшыларын тағайындауды және лауазымдардан босатуды келісуді ұйымдастыру;
26) саланың кадр саясатын жоспарлау және іске асыру;
27) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
____________________