«Атбасар ауданының экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызмет атқаруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс аудан бюджетінің табысына жіберіледі.
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүргізу, бюджеттің орындалуы және ауданның коммуналдық меншігін басқару.
1) мемлекеттік органның қызметін ведомствоаралық және салааралық негізінде үйлестіру арқылы әлеуметтік - экономикалық саясаттын, ауданының әлеуметтік – экономикалық даму басымдылығының негізгі қалыптасуы мен стратегиялық жоспарын әзірлеу;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
3) бюджетті жоспарлау ұйымдастыру;
4) аудандық бюджетің орындауын үйлестіру;
5) мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жасауға және оны іске асыруға қатысу;
6) заңдармен жүктелген өзге де міндеттер болып табылады;
Бөлім белгіленген заңнамалық тәртіпте келесі функцияларда жүзеге асырады:
1) ауданның даму бағдарламасын әзірлеу және мониторингілеу;
2) мемлекет заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен бюджеттік инвестициялық жобалар және бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар әзірлеу;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк жобаларын немесе бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерін қарау;
4) кезекті қаржы жылына аудандық маңызы бар қала, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы аудандық маңызы бар қала, ауылдар және ауылдық округтерімен бірлесіп әзірлеу;
5) аудандық бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның бюджеттік комисиясына қарастыруына енгізу;
6) аудандық бюджетін, аудандық маңызы бар қала, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын аудандық мәслихаттың қарастыруына енгізу;
7) аудандық бюджет туралы мәслихат шешімінің жүзеге асыру жөнінде жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасын әзірлеу;
8) түсімдер түрлері бойынша ауылар және ауылдық округтермен салық төлеушілер тізбесін бекіту;
9) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер аудару;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету;
11) бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
12) азаматтық бюджетті құрастыру;
13) аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу;
14) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, аудандық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
15) міндеттемелер мен төлемдер бойынша әкімшілік бюджеттiк бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын және мемлекеттік мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарларын тексеру;
16) бюджетті орындау барысындағы жиынтық жоспарға енгізілген өзгерістерді есептке алу, талдау және бақылау;
17) аудан бюджетінің түсімін болжамдау;
18) бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және бюджетті орындау бойынша бюджеттiк бағдарлама әкімшілердің қызметін үйлестіру;
19) бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, оларды есепке алу, мониторингілеу және қайтаруды қамтамасыз етеу;
20) көтерме жәрдемақы ұсыну;
21) аудан бюджетінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингі;
22) аудан бюджетін орындау мониторингі;
23) шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
24) бюджеттік есептілікті жасау және оны облыстық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
25) ай сайын аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, бюджетті атқару жөніндегі облыстың жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
26) есепті қаржылық жылға аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосышалармен әкімдікке, аудандық мәслихатқа, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға және облыстың тексеру комиссиясына ұсыну;
27) мемлекеттік қаражаттарды және мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен мақсаттарын белгілуге қатысу;
28) аудандық коммуналдық меншікті басқару;
29) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
30) аудандық коммуналдық мүлікті басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оларды қорғау бойынша шараларды іске асыру;
31) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру және шығару мәселелерін келісу;
32) бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік мекемелердің таза кіріс бөлігін,
Қазыналық кәсіпорындардың жоспарлық көрсеткіштерден тыс алынған кірістерін сәйкес бюджеттің кірісінде, акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетіне, және де мемлекеттің қатысуымен серіктестіктердегі мемлекеттің қатысу үлесіне таза кірісті есеп беру жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке уақытында және толық аударуына бақылау жүргізу;
33) Атбасар ауданының мемлекеттік коммуналдық заңды заңды тұлғалардың мүлкін есепке алуды жүргізу;
34) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша саудалар өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін кезендік баспасөз басылымды анықтау бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңыны сәйкес конкурсты өткізу;
35) аудандық коммуналдық меншікке жекешелендіру жүргізу, оның ішінде шеешелендіру процессін ұйымдастыру ушін делдалды қатыстыру,жекешелендіру объектілерінің бағаларын қамтамасыз ету, жекешелендіруобъектілерін сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасауды іске асыру және сатып алу-сату шарттарының шарттарын орындауды бақылау;
36) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығыныз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейінен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізінде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;
37) аудандық коммуналдық меншікпен сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының мінддерін орындауға бақылау жүргізу;
38) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар және шаруашылығы шетеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметіне (даму) жоспарларын орындауға талдау өткізу;
39) әділет органдарында тіркеу (қайта тіркеу) кезінде ұсыну үшін сәйкес заңды тұлғалардың орналасқан жері туралы мемлекеттің үлестік қатысымен акционерлік қоғамдарға және шаруашылығы шектеулі серіктестіктерге,мемлекеттік заңды тұлғаларға анықтамалар беру;
40) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне еңгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу;
41) жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы және сәйкес жылға саудада жүзеге асыруға жататын нысандарды бекіту туралы аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру;
42) жекешелендіруге дейінгі бақылау бойынша комиссия шешімінің негізінде оларды тузету мақсатымен сатып алу сату келісімдері бойынша қосымша келісімдерді әзірлеуді ұйымдастыру;
43) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлектке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық менщікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбнлнрдің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
44) заңдармен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Бөлім өзіне жүктелген міңдеттерді жүзеге асыру және өз функцияларын іске асыру үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша төмендегідей құқығы бар:
1) аудан бюджеттінен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының iске асырылуын бақылау;
2) өз құзыретi шегiнде, өзге де мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
3) мемлекеттік органдардың иелігіне және пайдалануына тапсырылған мемлекеттік пакет акциялары мен мемлекеттік қатысу үлестерін басқару тиімділігін бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) сатып алушылармен коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес міндеттмелердің, сонымен қатар басқа да шарттық міңдеттемелердің орындалуына бақылау жасау;
5) бақылау жүргізуге, оның ішіде коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес міндеттемелерді орындаулары бойынша сенімгер басқарушылардың есебін тындау;
6) осы тармақтың 4), 5) тармақшаларымен қарастырылған құқықтарлы іске асыру үшін мүдделі органдармен ведомствоаралық комиссия келісімі бойынша құру;
7) заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Бөлім басшысы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Бөлімге жүктелеген міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Осы мақсаттарда Бөлім басшысы:
1) заңнамаларға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттерін анықтайды;
3) Бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
4) өз қызыреті шегінде, Бөлімнің құрылымын бекітеді;
5) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) Бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
7) Бөлімнің жұмыс регламентін бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ол үшін жеке жауап орнатумен жеке міндет жүргізеді;
9) заңнамаға жүктелген өзге де өкілдерді жүзеге асырады.
Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген өзге мүліктен құрылады.