«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

Мiндеттерi:

  1. iшкi саяси тұрақтылықты, халық бiрлiгi мен өңiрдегi қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  2. «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құзiретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, облыс және қала әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  3. өңiрде Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негiзгi басымдықтарын, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды, басқа да стратегиялық құжаттарды түсiндiру және насихаттауды үйлестiру;
  4. iшкi саясат саласында өңiрлiк маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу және iске асыру бойынша жұмысты үйлестiру;
  5. қаладағы қоғамдық-саяси үрдiстердi және олардың даму беталысын жан-жақты және әдiл зерделеу, қорытындылау және талдау;
  6. қаладағы әлеуметтiк-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу;
  7. мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу, қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестiру, соның iшiнде мемлекеттiк тапсырыстың орындалуы бойынша;
  8. қалада мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды үйлестiру;
  9. өңiрде iшкi саясат саласындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды, Қазақстанның дамуының ұзақ мерзiмдi басымдылықтарын тиiмдi iске асыру бойынша ұсыныстарды өндiру;
  10. өңiрдегi iшкi саяси үдерiстердi және олардың даму беталысын зерделеу және талдауды қамтамасыз ету;
  11. азаматтық қоғам институттарымен, өңiр жұртшылығы өкiлдерiмен өзара iс-қимыл;
  12. өңiрдегi дiни жағдайдың мониторингi;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала аумағында мемлекеттiк рәмiздердi қолдану және орналастыру мониторингi.

Функциялары:

  1. iшкi саясаттың негiзгi бағыттары бойынша, соның iшiнде бiлiм, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келiсiм, мемлекеттiк рәмiздердi насихаттау салаларындағы,тiл, ақпарат мәдениет гендерлiк және отбасылық демографиялық салалардағы мемлекеттiк саясатты iске асыру бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
  2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Президент Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын, Үкiметiнiң актiлерiн, облыс және қала әкiмдерiнiң, әкiмдiктерiнiң шешiмдерi, өкiмдерi, тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  3. iшкi саяси тұрақтылықты, халық бiрлiгi мен қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенiн iске асыру;
  4. қаладағы iрi қоғамдық-маңызды iс-шараларды ақпараттық аналитикалық және ұйымдық-техникалық сүйемелдеу;
  5. әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа салалардағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау;
  6. өңiрде Президенттiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және басқа стратегиялық құжаттарды түсiндiру бойынша өңiрлiк маңызы бар ақпараттық топтардың (бұдан әрi мәтiн бойынга — АТ) жұмысын ұйымдастыру, АТ ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
  7. саяси партиялармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, этномәдени бiрлестiктермен, құқық қорғау және басқа қоғамдық ұйымдармен, кәсiби одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрi мәтiн бойынша — БАҚ), ғылыми және шығармашылық қағамдастықпен, қоғамдық пiкiр көшбасшыларымен өзрара iс-әрекеттердi жүзеге асыру;
  8. «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қала әкiмiнiң жанында жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарының жұмысын қамтамасыз ету;
  9. өңiрдегi қоғамдық-саяси жағдайды талдау және болжау, соның iшiнде саяси партиялардың, өзге деқоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар жұмысының мониторингiн ұйымдастыру, әлеуметтiк және политологиялық зерттеулер жүргiзу;
  10. заңнаманы сақтау үшiн БАҚ жұмысының мониторингi;
  11. бұқаралық ақпараттық құралдарында ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыстың iске асырылуын ұйымдастыру;
  12. әлеуметтiк маңызды шараларды орындауға мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету, соның iшiнде конкурстық рәсiмдердi өткiзу және жобаларды iске асыру барысының мониторингi;
  13. «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттар әзiрлеуге, қала әкiмi, әкiмдiгi актiлерiнiң жобаларын дайындау және сараптауға қатысу;
  14. «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттiк органдармен, басқармалармен, мәслихаттармен, облыс және қала әкiмi аппаратымен, облыстың Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығымен өзара iс-қимыл;
  15. мемлекеттiк рәмiз жөнiндегi қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  16. қала аумағында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  17. заңнамамен белгiленген жағдайларда және тәртiпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
  18. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру
  19. бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қызметтерiн орындау;
  20. «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
  21. көрнекi-ақпараттық саясаттың iске асырылуын ұйымдастыру.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
Дата публикации
04 августа 2022