2018 ж «09» 07 № 418
қала әкімдігінің қаулысымен
Бекітілген
«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауыл әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын Жаңаөзен қаласы әкімдігі бекітеді.
- Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130204, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы.
- 9. «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Жаңаөзен қаласы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.