«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

                          Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

2018 жылғы 04 маусым

№357 қаулысымен бекітілген

 

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 Жалпы ережелер

 

         1.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жаңаөзен қаласында өз құзырының шеңберінде қала көлемінде қазақ  ұлттық мәдениетінің баюына және өзге де халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуына белсенді ықпал ету, азаматтарды рухани және адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу және тілдерді дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласында басшылық жасайтын Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

         2.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

         1) Жаңаөзен қаласы«Орталық қалалық  кітапхана» мемлекеттік мекемесі,

         2)«Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

         3.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де  нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         4.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Републикасының заңнамасына  сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

         5.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.    
  2. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi  бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен   Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
             8.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

         9.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А құрылысы,«Неке сарайы» ғимараты;

         10.Мемлекеттік органның толық атауы - мемлекеттік тілде: «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         11.Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай  құжаты болып табылады.

         12.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

         13.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілермен  «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда  осындай  қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі қызметтері,

      функциялары, құқықтары  және міндеттері

 

         14.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:  Жаңаөзен қаласында  өз құзырының шеңберінде қала көлемінде қазақ  ұлттық мәдениетінің баюына және осы қаладағы өзге де халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуына белсенді ықпал ету, азаматтарды рухани және адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу және тілдерді дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

  1. Міндеттері:

         1)«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзырының шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді.

         2)тоқсан сайын орталық мемлекеттік органдарға атқарылған жұмыс бойынша ақпарат және сараптама түрінде есеп береді.

         3)қалалық бюджеттен қаржыланатын басқа да мемлекеттік органдарға, олардың құзырларына кіретін мәселелер бойынша ақпараттарды (қызметтік қолданысқа бағытталған сараптамалық ақпараттарды қала әкімінің жауапты орынбасарының рұқсатымен) береді.

         4)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

         16.Функциялары:

         Мәдениет саласы бойынша:

         1)Халыққа мәдениет саласында жалпыға қолжетімді қызмет көрсету мен сапасын көтеру;

         2)мемлекеттік тапсырыс арқылы түскен бюджеттік қаржылар мен мәдениет бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың кеңейтілген ақылы қызметінен түскен қаржыларды мәдениет пен өнердің әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттарын жасақтап, нарықтық экономикаға сай олардың түрлерін өмірге енгізуге тиімді пайдалану;

         3)шығармашылық одақтармен, өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастар орнату;

         4) мәдени дамуды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;

         5)«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің біртұтас жүйесіне енетін мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының жұмыстарына тікелей басшылық жасау. Қалаға іргелес елді мекендердің ауылдық мәдениет үйлерінің жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетеді.

         6)қаланың мәдениеті мен өнер жетістігін көрсететін қала көлемінде және одан тыс жерлерде де, өзінің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан өтетін фестивальдер мен кәсіптік және әуесқой өнер күндеріне, көркемөнерпаздар коллективі мен жеке орындаушылар сайысына, өзіне қарасты ұйымдардың мәдени-ағарту қойылымдары мен өзге де мәдени демалыс шараларына басшылық жасайды;

         7)мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қызметтеріне, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, декоративтік-қолданбалы және эстрадалық өнерлердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен өзге де шаралардың ұйымдастырылып өткізілуіне басшылық жасайды;

         8)қала Әкімдігіне, облыстық мәдениет басқармасына, қаланың мәдениет пен өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар беру мен орден, медальдар өзге де құрмет белгілерімен марапаттауға, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне көркемөнерпаздар коллективтеріне «Халықтық» және «Мәдениет қайраткері» төс белгісі т.б. атақтарын беру жөнінде ұсыныс түсіреді;

         9)белгіленген тәртіппен жоспарлы-экономикалық қызметінің жалпылама негізін жасақтайды,  «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына енгізеді, бухгалтерлік есеп пен жасақталған есеп жиынтықтарын бақылайды, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдап, облыстық мәдениет басқармасына және финанстық органдарға ұсынады;

         10)қала Әкіміне   «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшыларын қызметке алуға және қызметінен босатуға келісімін береді;

         Тіл дамыту саласы бойынша:

         1)Тіл заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

         2)тілдер туралы заңдардың сақталуы, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, сонымен қатар сыртқы жарнамалардың рәсімделуінің заң талаптарына сәйкестігін, бұқаралық ақпарат құралдарында заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тексерістер ұйымдастыру;

         3)тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тілдердің даму проблемалары жайлы мақалалар және хабарлар дайындау, тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар «дөңгелек үстел» конференциялар өткізу және әдістемелік нұсқаулар дайындау;

         4) мемлекеттік тілді, аймақта тұрып жатқан басқа да этностардың тілдерін насихаттау бойынша конкурстар, достық фестивальдерін, түрлі шаралар өткізу;

         5)мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасау;

         6) қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштер негізінде құжаттарды дайындап  облыстық ономастика комиссиясына  ұсыну;

          Ведомстволардың  функциялары:

         Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық  кітапхана» мемлекеттік мекемесі:

         1)біртұтас жүйесіне енетін бөлімшелерінің жұмыстарына тікелей басшылық жасау;

         2)кітап қорын толықтыру және қосымша толықтыру көздерін пайдалана отырып оқырмандардың ұлттық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың тілектерін қанағаттандыру;

         3)оқырмандарға кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;

         4)Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі және библиография, кітап тарихы жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;

         5)кітапханааралық абонементтік қызмет көрсету, библиографиялық материалдарды оқырмандарға тарату;

         6)кітапхана бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

         7)ғылыми-практикалық конференцияларды, іс-тәжірибелік кеңестерді практикумдарды, озық тәжірибе мектебін ұйымдастыра отырып, кітапханашылардың кәсіби білім деңгейін көтеруге көмектесу;

         8)облыстың, қаланың шекарасынан тыс жерлерге шығарылатын жазбаша өнім туындыларына және басқа да мәдени құндылықтарға белгіленген тәртіпте қорытынды беру;

         9)Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық  кітапхана» мемлекеттік мекемесіне қарасты бөлімшелердің шаруашылық-өндірістік және тұрмыстық-әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;

         10)кітапханалық-библиографиялық істерді автоматтандыру, компьютерлендіру, кітап қорының электронды каталогын ұйымдастыру;

         «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

         1) қала тұрғындарының мәдени әлеуетін арттыру,  өнер мен мәдениет саласындағы тұрғындардың тұтынушылықтарын қанағаттандыру және мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық  қызметін іске асыру.

         2)қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуын, сақталуын және таратуын қамтамасыз ету;

         3)басқа ұлттардың мәдениеттерін сақтауға, өркендетуге, дамытуға, таратуға қамқорлық көрсету; 

         4)эстетикалық тәрбие беру үшін жағдай жасау, көркем білімін қамтамасыз ету;

         5)мекеменің инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету және материалдық-техникалық негізін нығайту;

         6)тұрғындардың мәдени-бос уақытын өткізу шараларын ұйымдастыру арқылы ақылы қызмет көрсету;

         7) шығармашылық топтардың және орындаушылардың гастрольдік қызметін ұйымдастыру;

         8) кәсіпқой емес шығармашылық бірлестіктерге көмек көрсету;

         9)өнер туындыларын шығаруға шығармашылық тапсырыстарды орындау, мәдениет саласында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1)«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның шығыс сметасы мен кіріс-шығыс қаржылық жоспарын, жылдық қаржылық есептерін бекітуге;

         2)балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге;

         3)«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік  мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның құрылымын, шекті штат санын анықтауға;

         4)Тіл саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауға;

         5) негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар қала әкімінің және қала әкімінің жауапты орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін  Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік  және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан, бұқаралық және басқа да ұйымдар мен азаматтардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға;

         6) «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын жандандыру және мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте қала әкіміне, қала әкімінің жауапты орынбасарына, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс енгізуге;

         7)«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар өткізуге;

         8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 

 

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыруды

 

         18.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

         19.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес,   қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

         20.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

         1) сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бөлім басшысына қол астындағы қызметкерлеріне, олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін тапсырмалар беруге тыйым салынады. Аталған заң бұзушылық орын алған жағдайда бөлім басшысы қызметкерлердің әр қайсысы үшін дербес жауап береді.

         2) «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны  алмастыратын тұлға орындайды.

         3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің, қала әкімінің және қала әкімінің бағдарлаушы орынбасарының тапсырмаларының орындалуына тікелей жауап береді;

         4) бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен құзырларын анықтайды, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

         5) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін мадақтауға, материалдық көмек көрсетуге, тәртіптік шара қолдануға және жұмыстан босатуға ұсыныс жасайды;

         6) бөлімнің құрылымын және штаттық кестесін әзірлейді оны қала әкімдігіне ұсынады;

         7) бөлім жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

         8) өз құзырының шеңберінде бұйрық шығарып, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

         9)  азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;

10) өз құзырының шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

         22.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

         23.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер де  Қазақстан Республикасының заңнамасында  өзгеше көзделмесе,  өзіне  бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты

 

         24.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкесдербес белгіленеді.

        

 

 

 

 

  1. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

         25.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Жаңаөзен қаласы қаласы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

         26.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамсына сәйкес тіркеледі.

 

 

7.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

         27.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

         «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  1. «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның
  2. Жаңаөзен қаласы «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Шаңырақ» шағынауданындағы кітапхана бөлімшесі;
  4. «Самал» шағынауданындағы кітапхана бөлімшесі;
  5. «Көктем» шағынауданындағы кітапхана бөлімшесі;
  6. «Өркен» шағынауданындағы кітапхана бөлімшесі;
  7. Қызылсай селосындағы кітапхана бөлімшесі;
  8. Теңге ауылындағы кітапхана бөлімшесі.
«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
27 апреля 2021