Ақтөбе қаласы әкімдігінің
20___ жылғы «___» ________
№ _______ қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «29» наурызындағы № 414 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «03» маусымдағы №2387 қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «14» маусымдағы № 2889 қаулысымен бекітілген
«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ
ЕРЕЖЕСІ
Егер «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Құқықтары:
1) белгіленген тәртіпте Ақтөбе қаласының Әкімдігінің мемлекеттік атқарушы органдары әкімдігінен және басқа да ұйымдық-құқықтық формаларына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалардан, оның құзырына кіретіндерден ақпараттық мәселелер бойынша мәліметтер сұратуға және алуға;
2) өз шегінде ауқымды конференциялар, семинарлар, кеңестер, кездесулер және басқа да шаралар өткізуге;
3) келісім мақсатымен «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметтерін жүзеге асыруға қатысты құжаттардың жобасын қарауға;
4) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құзырына қатысты мәселелер бойынша сот органдарына талаптар қоюға;
5) Ақтөбе қаласы Әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын жасауға, қала Әкімдігінің қаулыларын, мемлекеттік бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму саласының жоспарларын қалыптастыруға қатысуға;
6) белгіленген тәртіпте бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру шараларына қатысуды қамтамасыз етуге материалдық нормалық шығындарын бекітуге;
7) қалалық спорт шараларын, спорт жарыстары мен жиындар өткізуге қаржыларын топтастыруды жүзеге асыруға;
8) жеңімпаздарды және қалалық спорт және басқа да шаралар жүлдегерлерін медальдармен, дипломдармен,жүлделермен,грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттауды, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттық атақтар беру мәселелерін шешуге;
9) Ақтөбе қаласының жалпы білім беру мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері және оқытушыларының қызметін үйлестіруге құқылы;
10) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан республикасы Кодексінің 488-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау үшін материалдарды дайындау.
2) Міндеттері:
1) Дене тәрбиесі мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
2) спорттың әр түрі бойынша құрама командалары мен Қазақстан Республикасы үшін жоғары класты спортшылар мен спортшы резервтерін даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының құрама командаларын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3) дене тәрбиесі мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, салада ақпаратты жүйенің қалыптасуын қамтамасыз ету;
1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
2) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
3) Ақтөбе қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
4) қала аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
5) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
6) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
7) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
8) қала аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
10) өзге де көзделген Заңдарға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
11) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
12) қала аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функциясын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті көтереді;
2) бөлім қызметкерлерін заңдылықтарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) белгіленген заңдылықтар тәртібі бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқауларды бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
7) заңға сәйкес өзге да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.