Дербес деректерді қорғау бойынша ұсыныстар

Дербес деректер – оның ішінде биометриялық, негізінде дербес деректер субъектісіне қатысты айқындалған немесе айқындалатын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген деректер.

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңға сәйкес қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер қолжетімділігі шектеулі дербес деректер болып табылады.

Сонымен, мұндай қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық, медицина қызметкерінің құпиясы және заңмен қорғалатын өзге де құпия, сондай-ақ дербес деректерді қамтитын құпиялылық белгісі бар кез келген мәліметтер жатады.

Мысалы, дербес деректер субъектісінің Т.А.Ә., ЖСН пайдалану кез келген құпиядан бөлек пайдаланған кезде жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады. Бұл ретте, Т.А.Ә., ЖСН қаржы құпиясымен, медицина қызметкерінің құпиясымен және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен бірге пайдаланған кезде қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады.

Дата публикации
12 июня 2026