
Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
КИМЭП университетін (бизнес әкімшілігі, бакалавр), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану, магистр), Назарбаев Университетін (мемлекеттік басқару, магистр) бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2012-2017 жж. - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2017-2019 жж. - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2019 ж. тамыздан бастап 2021 ж. тамызға дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болған.
2021 ж. 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.
2025 ж. 9 қазанда Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.