Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорында 7,4 мың жұмыскерге 1,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 112 нұсқама беріліп, 11,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 560 млн теңге төленді.