«AMANAT» партиясының жол картасының 84-85, 94-тармақтарын іске асыру жөніндегі өңірлік мониторингтік топтардың жұмыс нәтижелері туралы

«AMANAT» партиясының жол картасының 84-85, 94-тармақтарын іске асыру жөніндегі өңірлік мониторингтік топтардың жұмыс нәтижелері туралы

Ағымдағы жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында еңбек комитетінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, мониторингтік топ мүшелерімен «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!».

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру және орындау мәселелері қаралды.

Комитет мамандары әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметтер порталы, «Е-Собес» ААЖ жұмысы мәселелері бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсетті. Зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Мүгедектігі бар адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлігінде объектілерді бейімдеу сапасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мамандарының жұмысын жандандыру бөлігінде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту бойынша ұсынымдар берілді.