ҚР ОСК жанындағы мүгедектердің саулау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі оқыту семинары

ҚР ОСК жанындағы мүгедектердің саулау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі оқыту семинары

2022 жылғы 19 мамырда республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің мәнін, құқықтық негіздері мен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында референдумға қатысу құқығы бар, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы мүшелері мен Комитет басшысы Е.Нұрғалиевтің қатысуымен оқыту семинары өтті.

Аталған семинарда қолжетімділік мәселелері, соның ішінде "Интерактивті қолжетімділік картасы" порталының жұмысы және "Кедергісіз келешек" партиялық жобасын іске асыру бойынша бақылау іс-шаралары туралы айтылды.