Елбасы Жолдауын түсіндіру аясында Комитеттің Төрағасы Алматы облысында болды

Елбасы Жолдауын түсіндіру аясында Комитеттің Төрағасы Алматы облысында болды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Жолдауының маңыздылығын түсіндіру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Төрағасы   А. Сарбасов а.ж. 17 қазанында Алматы облысында болды.

Текелі қаласында кездесуге 200 астам адам жиналды. Онда республикалық ақпараттық топтың мүшелері Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі тұстарын түсіндірді.

Кездесуді ашқан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Төрағасы А.Сарбасов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауы халқтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және жаһандық жағдайларда бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар ұсынатындығын атап өтті.