Зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру

Зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтамақты зейнетақы немесе зейнеткерлердің айтуынша жасына байланысты зейнетақы 8 %  немесе инфляцияның жоспарланған шегінен 2 %  арттырылады. 

Мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың басқа түрлері 6 % өсетін болады.

Бұдан басқа, 2018  жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны  тағайындау механизмі өзгереді.  Өзіңізге белгілі болғандай, бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан барлығына бірдей мөлшерде тағайындалады.

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың             1 қаңтарына дейін азаматтардың жинақталған еңбек өтіліне және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қатсу кезеңдерін байланысты болуын көздейді.

Бұл ретте, базалық зейнетақыны тағайындау барысында жинақталған еңбек өтілі 35 жылды құрайтын болады (20 жыл еңбек өтілі+15 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы). Яғни, базалық зейнетақының мөлшері 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 28 284 теңгені немесе ағымдағы жылы 2 есе көп мөлшерді құрайды.

Базалық зейнетақы мөлшері азаматтардың еңбек өтілінің жиынтығына қарай әр түрлі болады. Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, егер азаматтың еңбек өтілі 33 жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕКД, республика бойынша) 100% немесе 28 284 теңге, 20 жыл еңбек өтіліне – ЕКД-нің 74% немесе 20 930 теңге, 10 жылға дейінгі еңбек өтіліне – ЕКД-нің            54% немесе 15 274 теңгені құрайтын болады.

Сонымен, келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 71 333 теңгені құрайтын болады. 

Бұл өзгерістер бүгінгі күнде зейнетақы алатын азаматтарға да,  келесі жылы зейнетке шығатын азаматтарға да, яғни  барлық 2 миллион зейнеткерге қатысты болады. Бүгінгі күнде барлық зейнетақы істері қаралып, барлық есеп-қисап жүргізіліп және қосымша қаражат қажеттілігі анықталды. Қайта есептеуді жүргізу үшін зейнеткерлерден қосымша құжат қажет етпейтінін, зейнетақы ісіндегі құжаттар және Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығының ақпараттары жеткілікті  екенін айта кетке жөн.  

Республикалық бюджеттің 2018-2020 жылдарға арналған жобасына келесі жылдың қосымша қаражат қажеттілігінің жалпы сомасы 128 млрд. теңге енгізілген.