Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Жолдауды жүзеге асыру мақсатында оны тағайындау әдістемесі өзгерді. Ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Жаңа базалық зейнетақы тағайындау механизмі мынадай болады:

Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз немесе болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 54%-на тең болады.

10 жылдан асқан кезде әрбір еңбекпен өтелген жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болғанда – базалық зейнетақы ЕТКД-нің 74%-ын, 30 жыл жұмыс істегенде – базалық зейнетақы – ЕТКД-нің 94%-ын, 33 жыл және одан астам жыл болғанда базалық зейнетақының мөлшері ЕТКД-нің 100%-ын құрайды.