Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

 Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттерімен 2019  жылғы  1 сәуірдегі жағдай бойынша «Қазақстан Респбуликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңдарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, транспорттық қызмет көрсету және т.б. салада әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектерді қолжетімділікпен қамтамасыз етпеу бөлігінде  289 ішінара жоспардан тыс тексеру және өзге нысан бақылауы жүргізілді.

Нәтижесінде 237 субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым беріліп, оның ішінде 47-не жалпы мөлшері 8,26 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл (ҚР ӘҚбК 83,84 баптар) салынды.