2019 жылдың 1 сәуіріне этникалық көші-қон туралы ақпарат

2019 жылдың 1 сәуіріне этникалық көші-қон туралы ақпарат

2019 жылдың 1 сәуір айы бойынша республикаға 1 576 отбасы немесе 2 970этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың көбі – 57,6% Өзбекстаннан, 21,5% - ҚХР-дан, 5,8% - Моңғолиядан, 8,3% - Түркменстаннан, 1,9% - Ресейден  және 4,9% - басқа елдерден көшіп келді.

Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы – 24%, Түркістан -  9%, Маңғыстау – 20% облыстарына және Шымкент қ. – 1,1% қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар – 61%, 18 жасқа дейінгі балалар – 28,5% және зейнеткерлер – 10,5%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 16,3%-ң жоғарғы, 25,2%-ң арнайы орта, 53,3%-ң жалпы орта және 5,2%-ң білімі жоқ.