
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді.
Лицензиялау – арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған негізгі құралдардың бірі.
Лицензиялық талаптар санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың болуын, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуді, білікті кадрлармен жасақталуды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімді жағдайлар жасауды көздейді.
2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 632 ұйым лицензия алды, олар 108 281 қызмет алушыны қамтиды.
Олардың ішінде:
466 мемлекеттік ұйым (КММ);
166 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ).
Барлығы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға 704 лицензия берілді.
Қызмет көрсету нысандары бөлінісінде лицензиялар төмендегідей бөлінеді:
Стационарлық жағдайда қызмет көрсету – 122 лицензия, қамту – 25 018 қызмет алушы.
Оның ішінде:
қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған – 49 ұйым, қамту – 15 381 қызмет алушы;
18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 56 ұйым, қамту – 8 368 қызмет алушы;
мүгедектігі бар балаларға арналған – 17 ұйым, қамту – 1 269 бала, оның ішінде:
1) психоневрологиялық бұзылыстары бар балалар – 15 ұйым, 1 093 бала
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар – 2 ұйым, 176 бала.
Жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету – 188 лицензия, қамту – 15 878 қызмет алушы.
Оның ішінде:
мүгедектігі бар балаларға арналған – 121 ұйым, қамту – 7 934 бала;
18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылыстары бар адамдарға арналған – 40 ұйым, қамту – 4 586 қызмет алушы;
аралас үлгідегі – 27 ұйым, қамту – 3 358 қызмет алушы.
Уақытша болу жағдайында қызмет көрсету – 68 лицензия, қамту – 4 192 қызмет алушы.
Оның ішінде:
тұрғылықты жері белгіленбеген адамдарға арналған дағдарыстық бейімдеу орталықтары – 25 ұйым, қамту – 3 216 қызмет алушы;
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған – 34 ұйым, қамту – 844 қызмет алушы;
адам саудасының құрбандарына арналған – 9 ұйым, қамту – 132 қызмет алушы.
Үйде қызмет көрсету – 308 лицензия, қамту – 63 193 қызмет алушы.
Лицензиялау жүйесін практикалық іске асыру барысында ұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің жекелеген жағдайлары анықталуда.
Олардың ішінде медициналық лицензияның қажетті кіші түрлерінің болмауы, штат нормативтерінің сақталмауы, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актілерінің немесе аудит қорытындыларының болмауы, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі неғұрлым жиі кездеседі.
Бұл ретте анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін лицензия алуға өтінішті қайта беруге кедергі келтірмейді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялауды, ұйымдарға баруды, сондай-ақ коммуникацияның басқа да арналарын пайдалана отырып, жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдардың және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысатын онлайн-кеңестер де тұрақты негізде өткізіледі.
Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында проблемалық мәселелер қаралып, ұйымдарға консультациялық көмек көрсетіледі және оларды шешудің практикалық жолдары әзірленеді.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Оған сәйкес объектілерді пайдалануға беру кезінде олардың мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу функциясы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жүктелді.
2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша аумақтық департаменттерге объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісуге 318 өтініш келіп түсті.
Олардың ішінде:
113 (35,5%) – қаралуда;
84 (26,4%) – кері қайтарылған;
62 (19,5%) – келісілген;
51 (16,1%) – келісуден бас тартылған;
8 (2,5%) – келісу талап етілмейді.
Өтініштердің ең көп саны Алматы қаласынан – 63, Жетісу облысынан – 26, Қостанай және Павлодар облыстарынан – 23-тен, Шымкент қаласынан – 21, Маңғыстау және Ақмола облыстарынан – 20-дан келіп түскен.
Бұл бағыттағы жұмыс объектілердің нақты қолжетімділігін қамтамасыз етуге, кедергісіз орта қалыптастыруға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының құқықтарын сақтауға бағытталған.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.
Негізгі назар лицензиялық талаптардың сақталуына, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, қолжетімді инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және әлеуметтік қызметтер көрсетушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге аударылады.
Анықтама үшін: 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтермен 108 281 адам қамтылған, 632 ұйым лицензия алған, 704 лицензия берілген.
С 1 января 2025 года в Казахстане введено лицензирование организаций, оказывающих специальные социальные услуги (ССУ) в сфере социальной защиты населения.
Лицензирование является одним из ключевых инструментов повышения качества и безопасности специальных социальных услуг, защиты прав получателей услуг и формирования единых требований к деятельности организаций, оказывающих социальные услуги.
Лицензионные требования предусматривают наличие зданий и помещений, соответствующих санитарным и противопожарным требованиям, необходимой материально-технической базы, квалифицированного кадрового состава, а также создание условий доступности для лиц с инвалидностью и других маломобильных групп населения.
По состоянию на 31 августа 2026 года лицензии на оказание специальных социальных услуг получили 632 организации, которыми охвачено 108 281 получатель услуг.
В их числе:
466 государственных организаций (КГУ);
166 неправительственных организаций (НПО).
Всего выдано 704 лицензии на осуществление деятельности по оказанию специальных социальных услуг.
В разрезе форм обслуживания лицензии распределяются следующим образом:
Стационарное обслуживание – 122 лицензии, охват 25 018 получателей услуг.
Из них:
для престарелых и лиц с инвалидностью – 49 организаций, охват 15 381 получатель услуг;
для лиц с психоневрологическими нарушениями старше 18 лет – 56 организаций, охват 8 368 получателей услуг;
для детей с инвалидностью – 17 организаций, охват 1 269 детей, в том числе:
дети с психоневрологическими нарушениями – 15 организаций, 1 093 ребенка;
дети с нарушениями опорно-двигательного аппарата – 2 организации, 176 детей.
Полустационарное обслуживание – 188 лицензий, охват 15 878 получателей услуг.
В том числе:
для детей с инвалидностью – 121 организация, охват 7 934 ребенка;
для лиц с психоневрологическими нарушениями старше 18 лет – 40 организаций, охват 4 586 получателей услуг;
смешанного типа – 27 организаций, охват 3 358 получателей услуг.
Услуги в условиях временного пребывания – 68 лицензий, охват 4 192 получателя услуг.
В том числе:
кризисные центры адаптации для лиц без определенного места жительства – 25 организаций, охват 3 216 получателей услуг;
для жертв бытового насилия – 34 организации, охват 844 получателя услуг;
для жертв торговли людьми – 9 организаций, охват 132 получателя услуг.
Надомное обслуживание – 308 лицензий, охват 63 193 получателя услуг.
В ходе практической реализации системы лицензирования выявляются отдельные случаи несоответствия организаций установленным требованиям.
Наиболее распространенными являются отсутствие необходимых подвидов медицинской лицензии, несоблюдение штатных нормативов, отсутствие актов проверки либо заключений аудита по пожарной безопасности, а также недостаточный уровень материально-технического оснащения.
При этом выявленные несоответствия не препятствуют повторной подаче заявления на получение лицензии после их устранения.
Комитетом регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения и его территориальными департаментами проводится системная информационно-разъяснительная работа. Она включает взаимодействие со средствами массовой информации, публикации в социальных сетях, выезды в организации, а также использование других каналов коммуникации.
Министерством также на регулярной основе проводятся онлайн-совещания с участием представителей местных исполнительных органов и организаций, оказывающих специальные социальные услуги. В рамках рабочих выездов в регионы рассматриваются проблемные вопросы, осуществляется консультирование организаций и вырабатываются практические пути их решения.
Одним из важных направлений работы является обеспечение доступности объектов социальной инфраструктуры для лиц с инвалидностью и маломобильных групп населения.
С 1 июля 2026 года вступил в силу новый Строительный кодекс Республики Казахстан, в соответствии с которым на территориальные подразделения Комитета возложена функция по согласованию деклараций о соответствии объектов требованиям доступности для лиц с инвалидностью и маломобильных групп населения при вводе объектов в эксплуатацию.
По состоянию на 31 августа 2026 года в территориальные департаменты поступило 318 заявлений на согласование деклараций о соответствии объектов требованиям доступности.
Из них:
113 (35,5%) – находятся на рассмотрении;
84 (26,4%) – отозваны;
62 (19,5%) – согласованы;
51 (16,1%) – отказано;
8 (2,5%) – согласование не требуется.
Наибольшее количество заявлений поступило из г. Алматы – 63, области Жетісу – 26, Костанайской и Павлодарской областей – по 23, г. Шымкента – 21, Мангистауской и Акмолинской областей – по 20.
Работа в данном направлении направлена на обеспечение фактической доступности объектов, создание безбарьерной среды и соблюдение прав лиц с инвалидностью и маломобильных групп населения.
Работа по совершенствованию системы лицензирования организаций, оказывающих специальные социальные услуги, будет продолжена. Основное внимание уделяется соблюдению лицензионных требований, повышению качества и безопасности социальных услуг, развитию доступной инфраструктуры и усилению взаимодействия с местными исполнительными органами и поставщиками социальных услуг.
Справочно: по состоянию на 31 августа 2026 года специальными социальными услугами охвачено 108 281 человек, лицензии получили 632 организации, выдано 704 лицензии.