
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сырттай проактивті форматын енгізу және кеңейту арқылы жалғастыруда.
Жүктелген функциялар шеңберінде Комитет сырттай проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметін үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларын тартудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 1-тармағы болып табылады. Аталған нормаға сәйкес сырттай проактивті куәландыру кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тәуелсіз сарапшыларды сараптамалық қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде тартады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың 80 тәуелсіз сарапшылар реестрге енгізілген (2025 жылы — 72 сарапшы), бұл мамандар құрамының кезең-кезеңімен кеңейтіліп жатқанын көрсетеді және мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетілуін арттыруға бағытталған.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары 22 769 сараптамалық шешім шығарды.
Сарапшыларды іріктеу субъективті факторды болдырмайтын автоматтандырылған форматта жүзеге асырылады, ал олардың қызметі тұрақты бақылауда болады, оның ішінде қабылданатын шешімдердің сапасын бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағымдарды қарау тетігі қарастырылған.