Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасында әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 объектісі бейімделді.
Бейімдеуге жататын объектілердің тізбесі Қолжетімділіктің интерактивті картасы негізінде қалыптастырылады. Карта – мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеуді қажет ететін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық платформа. Картаны толтыру жергілікті атқарушы органдармен объектілердің әлеуметтік маңыздылығын, азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ мониторинг және профилактикалық бақылау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Объектілерді Картаға енгізу олардың маңыздылығы мен сұранысына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының Жол картасы шеңберінде 2023–2027 жылдар аралығында Картаға енгізілген 40 мыңнан астам объектіні бейімдеу көзделген. Жыл сайын Картадағы объектілердің жалпы санының 20%-ы бейімделеді: 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.
2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 34 320 объектіні бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі күні 27 683 объектіде бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жалпы санының 65%-ын құрайды.
Бейімделген 27 683 объектінің ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді:
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша өңірлер бөлінісінде бейімделген объектілер саны: