Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасының төрағалығымен аумақтық департаменттердің барлық қызметкерлерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын талқылау. Күн тәртібінде Комитет пен аумақтық департаменттердің бес айдағы жұмысының қорытындылары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің қызметі, мемлекеттік бақылау жүйесі, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібі сияқты мәселелер қаралды.
Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Б. Алшынбаева «Әділетті Қазақстанның адал азаматы» тақырыбында баяндама жасап, қызметкерлердің күнделікті жұмысында этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау маңыздылығын атап өтті.
Кеңеске қатысушылар қолданыстағы заңнаманы сақтау, қызметтік этика мәдениетін нығайту және барлық деңгейде дербес жауапкершілікті арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша негізгі басым бағыттар айқындалды. Олардың қатарында: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ішкі бақылауды күшейту, рәсімдік регламенттерді жетілдіру және мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды дамыту бар.
Комитет әлеуметтік саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстарды жалғастыратын болады.