Меню
Страницы

Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңес өткізілді

2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілі Ахынова Ш.Ы. Ұлытау облысы бойынша Департамент басшылығының қатысуымен медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

  • мүгедектікті алғашқы рет белгілеудің жоғары көрсеткішіне байланысты проблемалық мәселелер;

  • 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес ОМК және МӘС мамандары үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібі бойынша техникалық оқу кестелерін әзірлеу және бекіту;

  • МӘС әдіснамасы және бақылау бөлімі тарапынан МӘС бөлімдерімен мүгедектікті белгілеудің негізділігіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, оның ішінде сырттай-проактивті нысанда көрсетілуіне, сондай-ақ МӘС жүргізу кезінде құжаттар нысандарын толтыру және жүргізу тәртібінің сақталуына бақылауды күшейту;

  • медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиялары (ДКК) төрағаларымен азаматтарды МӘС-ке жіберудің негізділігі мен уақтылығы мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу;

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.

Кеңес қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің сапасы мен негізділігіне бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері