Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
Зейнетақы төлемін алушылар 2 млн. астап адамды құрайды.
Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі).
Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 60% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД - дан 100% аспайды (01.01.2023 жылдан бастап 1 ЕТКД - 40 567 теңге).
Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (01.01.2023 жылдан бастап 1 АЕК – 3 450 теңге).
Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және жинақталған қаражат көлеміне байланысты болады.
Қазіргі уақытта жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдеріне азаматтар сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде және жасына жеткенде – ерлердер 55 жасқа, әйелдер 53 жасқа толғанда құқылы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ынтымақты зейнетақы мөлшерін тиімді деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгері индекстеледі деп көзделген.
2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 10,5%-ға арттырылды.
Сондай-ақ, күнкөріс деңгейінің өзгеруіне орай 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері арттырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.
Мәселен:
– базалық зейнетақыны 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен арттыру, ең төменгі базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің өзгеруіне мөлшерінен 54% - дан 70% - ға дейін, ең жоғары-100% - дан 120% - ға дейін арттыру.
- ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшерін 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайту, бұл жүйеге жаңадан кіретін зейнеткерлерге де, бұрыннан алып келе жатқандарға да әсер етті (2023 жылғы АЕК – 3 450 теңге).
Мемлекет басшысының 01.09.2022 жылғы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі жаңа шаралар пакеті ұсынылды.
Олардың бірі - 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға арттыруды тоқтата тұру.
Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтарының желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.
Егер Сіздің анаңыз 1963 жылғы 2 ақпанда туылған болса, зейнеткерлікке шығу жасы 61 жас толғанда, яғни 2024 жылы 2 ақпанда шығады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі).
Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 60% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды, бірақ ЕТКД - дан 100% аспайды (2023 жылғы ЕТКД - 40 567 теңге).
Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2023 жылғы АЕК – 3 450 теңге).