«Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар мен мәселелер» республикалық семинар-кеңес

«Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар мен мәселелер» республикалық семинар-кеңес

Орал қаласында «Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар мен мәселелер» республикалық семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тілдерді дамыту басқармаларының бөлім басшылары мен мамандары, кәсіпкерлер, тіл жанашырлары қатысты.
Іс-шара аясында «Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа инновациялық бағыттары» көрмесі ұйымдастырылды.

Республикалық семинар-кеңесте Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов және Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев құттықтау сөз сөйлеп, семинардың жұмысына сәттілік тіледі.

Пленарлық отырыста сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан тіл заңнамасын жетілдіру мәселелері, ҚР Бас прокуратурасының өкілі Гүлбадан Тәуел тіл заңнамасының орындалуын сақтау жөніндегі талаптар туралы айтты.

Секциялық отырыстарда мемлекеттік мекемелерде тексеру жүргізудің тәртібі және «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» платформасында жұмыс істеу мәселелер қарастырылады