Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және     тәлімгерлік  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды

Осы заң аясында «Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесі қалыптастырылатын болады.

Аталған ұлттық сөздік қорды құрудың мақсатына қазақ тілінің барлық қолданыс аясын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру, мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту жатады.

Ұлттық сөздік қорға сөздіктер базасы, тіл корпустары, қазақ тілінің терминологиялық базасы, ғылыми зерттеулер үшін қолжетімді платформа және т.б енгізіледі. Осы жүйе қазақ тіліндегі барлық ресурстарды қамтуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры қазақ тілінің ауқымды тіл моделін дамыту үшін дереккөз болып табылады.

«Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесі жалпыға қолжетімді болады.