Қазақ Уикипедиясының әкімшісі онлайн семинарға қатысты  

Қазақ Уикипедиясының әкімшісі онлайн семинарға қатысты   

Қазақ Уикипедиясының әкімшісі онлайн семинарға қатысты

 

Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ Уикипедиясының әкімшісі, Нұрсұлтан Мәлік «Уикипедия: редакциялау, оқу, талдау» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Семинарға қатысушылармен бірге Нұрсұлтан Мәлік Қазақ Уикипедиясының тарихы, қағидаттары мен ережелері, дереккөз базасы, маңызды критерийлері, құқық және жеке меншік мәселелері, Уики жобалар: Уикимедиа, Ортаққор, Уикисөздік жобалары жан-жақты зерделенді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Мәлік семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтары бойынша түсініктеме беріп, ашық онлайн-энциклопедиямен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Орталық және Шығыс Еуропа уикимедиашыларының мүшесі және Қазақ Уикипедиясының белсенді әкімшілерінің бірі ретінде үш жылға жуық уақыт ішінде 5 782 мақаланы өңдеп, Қазақ Уикипедиясына 20-ға жуық көлемді мақаланы енгізді.

Нұрсұлтан өз сөзінде:

- Бізге ақпараттық кеңістікте қазақ тіліндегі мазмұнның көлемін  ұлғайту қажет. Менің негізгі мақсатым, Қазақ Уикипедиясын дамыту. Уики – бұл көп адам бірігіп жасайтын жоба. Мысалы, мені география, тарих, саясат тақырыптары қызықтырады. Бұл жобаны Министрлік ұйымдастырып отырғаны қуантады, өйткені ғалымдар, оқытушылар, студенттер қазақ тілі мен Қазақ Уикипедиясын дәріптеуге үлес қоса алады,- деп атап өтті Нұрсұлтан Мәлік.

Семинар соңында Нұрсұлтан Мәлік жақын арада Youtube арнасында Уикипедия бойынша түсіндірме сабақтар сериясын жариялайтынын хабарлады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру, оның ішінде ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалармен, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру шаралары көзделген.