НЗМ оқушылары мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өз жобаларын ұсынды

НЗМ оқушылары мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өз жобаларын ұсынды

НЗМ оқушылары мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өз жобаларын ұсынды

 

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  (бұдан әрі - НЗМ) оқушылары Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне интернет кеңістіктегі қазақ тілін дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті.

НЗМ оқушылары Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовпен кездесуде Ашық онлайн энциклопедия Уикипедияны қазақ тіліндегі мазмұнмен толықтыруға қатысты өз жобарын ұсынды.  

НЗМ 11-сынып оқушылары Мұқан Қырғызбай мен Нарбек Мұхатбек Уикипедияға қазақ тілінде энциклопедиялық мақала жазуда өз білімдері мен дағдыларын дамытуға ниет білдірген 7-11 сынып оқушылары арасында байқау жобасын дайындағандарын баяндады.

Жобаның жас авторларының айтуынша, энциклопедиялық мақала бес бағыт бойынша порталдың регламенттеріне сәйкес келетін үздік мақалаларды қазылар алқасы таңдайтынын жеткізді.  

Комитет төрағасы оқушылардың жобасын үлкен қызығушылықпен қабылдап, аталған байқауды өткізуде қажетті ұйымдастырушылық және сараптамалық көмек көрсетілетінін айтты.  Сондай-ақ НЗМ мектептерінің басқарма басшысының орынбасары Ағаділ Аида Төлендіқызына және мектептегі Уикипедия жобасының жетекшісі Талдаева Назым Мейірханқызына оқушыларға отаншылдық рухта тәрбиелегені және ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің әлеуетін кеңейтуге  деген ұмтылыстары үшін алғысын білдірді.

- Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың маңызды тармақтарының бірі қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, оның ішінде Уикипедия ашық энциклопедиясын қазақ тіліндегі мазмұнмен толықтыру болып табылады. Осыған байланысты НЗМ оқушыларының қазақ тіліндегі энциклопедиялық мақалалар санының артуына өз үлесін қосу ниеті біздің тарапымыздан үлкен назарға аударарлық әрі қолдауға лайық жоба,- деп атап өтті Ербол Тілешов.