Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж. Ахмед-Закидің төрағалығымен ҚР Ұлттық кітапханасында орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың орындалуына орталық мемлекеттік органдар да жауапты екенін атап өтті.

Семинарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешов баяндама жасап, Іс-қимыл жоспарының негізгі бағыттарына тоқталды.

Жиында жасалған баяндама мен қатысушылардың ұсыныстары бойынша негізгі көрсеткіштерді, Тұжырымдаманың басым бағыттарын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыстың алда тұрған міндеттері белгіленді.