Ағымдағы жылғы 25 қаңтарда Тіл саясаты комитеті Ғылым комитетімен бірлесіп, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 52-тармағын орындау мақсатында (Ашық онлайн энциклопедия Уикипедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру) мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың ғалымдары мен ғылыми қызметкерлеріне семинар өткізді.
Уикипедия қазіргі таңда интернеттегі ең ірі, әрі әйгілі энциклопедия болып табылады. Бүгінде уикипедияда әлемнің 285 тілінде 35 млн мақала бар.
Семинар барысында цифрлық кеңістікте интернетке негізделген ашық мазмұнды Уикипедия энциклопедиялық жобасына қазақ тілінде жан-жақты жетілдірілген, мазмұнға бай мақалалар енгізудің жолдары талқыланып, оқушыларға, студенттерге, ізденушілерге ғылымның әртүрлі саласындағы маңызды деп саналатын энциклопедиялық білім қорын, әртүрлі жастағы азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қазақ тілінде қамтамасыз етудің маңыздылығы талқыланды.
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың бірден-бір жолы ғылымның барлық саласындағы ақпаратты қазақ тілінде цифрландыру. Осы мақсатта семинарға қатысушыларға Тіл саясаты комитеті тарапынан Уикипедия ашық энциклопедиясына енгізілген мақалалар көлеміне, мазмұнына, маңыздылығына қарай мониторинг жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Аталған бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғастырылатын болады.