ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Жоғары соттың ұйымдастыруымен осы тақырыпта үлкен конференция өтті. Басқосуда тіл саясаты мәселесіне ерекше ықылас білдіріп, тілге жанашырлық танытқан әріптестеріме алғысымды білдіремін. Конференцияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданатынына сенімдімін!
Біздің министрлік тіл саясаты саласындағы уәкілетті орган болғандықтан жиында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталдым.
☑️ Үкімет жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды.
☑️ Тіл саясатын іске асырудың 2023 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді қолға аламыз.
☑️ 2016 жылы терминдердің бірыңғай электрондық базасы – termincom.kz сайты іске қосылды. Қазір ондағы терминдердің саны 379 465. Соның ішінде 1971 жылдан бері бекітілген терминдер саны 32 670 бірлік.
☑️ Мемлекеттік терминологиялық комиссия Әділет министрлігімен бірлесіп құқық қорғау саласындағы терминдерге сараптама жүргізеді.
☑️ Құқық қорғау органдарындағы терминдер саны жыл сайын артып келеді.
☑️ Жыл соңына дейін заң шығару, денсаулық сақтау, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология және геология салалары бойынша 4050 терминді бекіту жоспарлануда.
☑️ Еліміздің жоғары білім беру жүйесінде бірнеше жоғары оқу орындарында білікті заңгерлер мен құқықтану саласының мамандарын даярлау жұмысы жүргізілуде.
☑️ 2017 жылдан бастап мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 12 IT жоба қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» базасы, латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы, тіл саласына қатысты ақпараттар орналастарылған Tilalemi.kz» сайттары көпшілікке қолжетімді.
☑️ Сонымен қатар елімізде мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық «Қазтест» жүйесі жұмыс істеп тұр.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» - деп атап өтіп, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді.
Біз де өз тарапымыздан аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын боламыз.