МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Мемлекеттік терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған өсімдік атаулары, «100 жаңа оқулық» жобасындағы әлеуметтану және бизнес салалары, сондай-ақ мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын цифрлық сауаттылық, информатика пәндерінің терминдері қарастырылды.

Бекітуге ұсынылған терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талдау үшін termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.

Отырыс барысында 800-ден аса термин бекітілді.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.