MICROSOFT КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

MICROSOFT КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Microsoft» компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті.
Күн тәртібінде әлемдік сервиске қазақ тілін енгізу арқылы тілдің жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Бүгінгі күні зағип немесе көздері нашар көретін ел азаматтары қазақ тіліндегі контентке зәру болып отыр. Жиын барысында осы мәселені тиімді шешу тетіктері қарастырылды.
Қазақстандағы «Microsoft» компаниясының Бас директоры Сергей Лещенконың айтуынша, бүгінде «экран дикторы» әлемнің 12 тілі үшін ғана қолжетімді. Дегенмен, ол қазақ қоғамы тарапынан туындап отырған сұранысты ескере отырып, бұл мәселені тезірек шешу жолдары қарастырылатын жеткізді.
Жылдың соңында Қазақстанға Microsoft-тың Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлері бойынша Бас директоры Марк Ист келіп, цифрлық сауаттылықты арттыру мәселесіне қатысты өзара меморандумға қол қоюды жоспарлауда. Аталған құжаттың жобасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты бірқатар тармақтар қарастырылғанын атап өткен жөн.
 
🔗 Жалпы Microsoft-тың келесі өнімдерінде қазақ тілі қарастырылған:
Microsoft Windows (input language & interface language);
Microsoft Office, 365 (input language & interface language);
Microsoft Teams (interface);
Azure Cognitive Services Translator;
Azure Document Translation: scanned PDF;
Optical Character Recognition - Computer Vision (Read API);
Azure Speech To Text (Speech Transcription);
Azure Text-To-Speech (Speech Generation);
Azure Forms Recognizer;
Azure Conversational Language Understanding;
Immersive Reader - Azure Applied AI Services;
Microsoft Dynamics 365 (some services).