ҚАЗАҚ ТІЛІН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Қызылорда қаласында «Қазақ тілін этносаралық тілге айналдырудың тиімді жолдары» атты республикалық ғылыми- әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ходжабергенова Гүлнар Махақызы ашып, мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне ерекше тоқталды.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс тәсілдерімен бөлісті. Жексенбілік мектептердің мұғалімдері, үздік әдіскерлер панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерінің мұғалімдері қатысты.