ЖОЛДАУМЕН ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ЖОЛДАУМЕН ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күні кеше Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретіні жөнінде айтқан болатын.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаевпен кездесіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру бағытында әңгімелесті. Қазақстан халқының тілдері күні аясында республика бойынша ұйымдастырылып жатқан шаралардың бірлесе атқарылатындығы сөз болды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жергілікті тіл басқармаларымен бірлесіп өткізіп жатқан «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы Шығыс Қазақстан облысынан бастау алып, республика аумағы бойынша жалғасын таппақ.
Айлықпен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Қазақстандағы этнос тілдерін қолдау, мемлекеттік тілдің қоғамдағы топтастырушы рөлін арттыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру көзделген.