ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТІЛ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ТІЛ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 5 қыркүйек Қазақстан Республикасы Тілдер күні аясында тіл саласы өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізді.
Кездесудің күн тәртібіне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы мемлекеттік тіл мәселесі арқау болды.
Министр қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, үздіксіз білім беру моделі арқылы мектептен бастап ересек адамдарға дейін тіл үйретудің сапасын арттырып, өзара сабақтастықты сақтау қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ тіл саясатын тиімді іске асыру жолдарына тоқталды.
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға бағытталған IT жобалар, тіл үйретуге арналған инновациялық құралдар, терминология бағытындағы жұмыстар, қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша атқарылып жатқан дайындық шаралар жөнінде кеңінен баяндады.
Одан бөлек А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к Анар Фазылжанова, М.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, сондай-ақ Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі ойларымен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Тілдер күні аясында тіл саласына қосқан еңбектері үшін бір топ азаматтар Білім және ғылым министрінің және Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталғандарын атап өткен жөн.