«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» атты онлайн сұқбат алаңы өтеді

«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер:  қазақ тілінің инновациялық жобалары» атты онлайн сұқбат алаңы өтеді

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» тақырыбына онлайн сұқбат алаңын ұйымдастырады.

Іс–шараның мақсаты –  ағымдағы жылы жүзеге асырылған мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық жобаларын және қазақ терминологиясын жетілдіру бағытындағы жобаларды таныстыру, насихаттау.

Сұқбат алаңында шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақша үйренеміз» веб-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен қазақ тілін интенсивті оқытудың тиімділігі және қазақ терминологиясының жетістіктері туралы ақпараттар көпшілік назарына ұсынылады.

Іс–шарада Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме, Ақпараттық технологиялар,  Терминология және ономастика басқармаларының  қызметкерлері инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы үздік  тәжірибелерімен бөліседі.

Онлайн сұқбат алаңына еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар қатысады.

Ісшара туралы арнайы бағдарламадан толығырақ таныса аласыздар.