
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2026 жылғы 23 қыркүйекте екінші деңгейлі банк қызметкерлеріне «Банк секторында тіл туралы заңнаманы қолдану және іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске екінші деңгейлі банктерден 45 қызметкер қатысты.
Семинар кеңестің мақсаты - Банк секторында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу және цифрлық сервистерде (мобильді қосымшалар, SMS, маркетплейстер) мемлекеттік тілдің қолданылу сапасын арттыру бойынша нақты ұсынымдарды қарастыру.
Семинар-кеңесті Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахимжанов ашып, жүргізді. Семинар-кеңес барысында Комитеттің бас сарапшысы Е.Сұлтан «Е-Өтініш» жүйесі арқылы жолданған азаматтардың өтініштері негізінде банк саласында тіл заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы баяндама жасады.
Семинар-кеңестің соңында банк өкілдеріне Тіл заңнамасы талаптарын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.